«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы – бірлік пен ынтымаққа үндейді

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келеді.
Кафедра жұмысының басты мақсаты – қазақ халқының тарихы мен мәдениеті, оның мемлекеттілігі, Еуразия кеңістігіндегі айрықша орны мен рөлі туралы білімді студенттердің санасына беру, кеңінен насихаттау. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, туған Отанды сүю, этностық мәдениеттерді, тілдер мен Қазақстан халқының салт- дәстүрлерін дамыту болып табылады.
Кафедраның қалыптасып, нәтижелі жұмыс жасауына тәжірибелі ғалым-ұстаз,педагогика ғылымдарының докторы,профессор Жамиля Садыққызы Хасанова көп еңбек сіңірірді. Қазір кафедра жұмысын педагогика ғылымдарының кандидаты Арайлым Кенжеғарина жүргізіп келеді.
Кафедра құрамының басым бөлігі ғылыми атағы және мәдени-көпшілік және саяси-қоғамдық жұмыстарда тәжірибелері бар оқытушылар. Кафедра оқытушыларының құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық хатшылығын мамандары,сарапшылары да бар.
Кафедра институтта барлық мамандықтар бойынша білім алушыларға «Әлеуметтану», «Қазақстандағы этносаралық қатынастар», «Қазақстандағы этностардың тарихы мен мәдениеті», «Әлеуметтік этнография және демография», «Этносаясат негіздері» және басқа тақырыптарда дәрістер береді. Институтта кафедраның арнайы оқу-әдістемелік құралдармен көркем безендірілген бөлмесі де бар.
Бүгінде кафедра оқу үдерісінде оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және қоғамдық-тәрбиелік жұмыстарын қамтитын жаңа 2021-2022 оқу жылындағы жоспарына сәйкес өз қызметінде ғылыми жобалармен де айналысуда.
Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің бас маманы Садыкова Людмиля Семеновна және Азербайжан этно-мәдени қоғамдық бірлестігі төрағасы Аббас Якубоглы Иманов институтқа келіп, кафедраның жұмысымен танысты, Әзербайжан этно-мәдени қоғамдық бірлестігі атынан «Азербайжанский ковры ,Иреванская группа» атты көркем безендірілген бауырлас халықтың ұлттық салт-дәстүрлерінің жиынтығы энциклопедиясын сыйға тартты.

АИГИ Баспасөз қызметі.