ЕҢБЕКТЕ ҮЗДІКТЕРГЕ – МАРАПАТТАР

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ғылыми-кеңесі мәжілісінің шешіміне сәйкес   ректор,профессор Е.У.Ихсановтың бұйрығымен 2019 жыл қорытындысы бойынша студенттерге білім мен тәрбие беру, ғылыми-зерттеу істеріндегі үздік жетістіктері үшін институтымыздың бірқатар профессор-оқытушылары мен қызметкерлері марапатталып, сертификаттар алды.

Атап айтқанда Экономика-гуманитарлық факультет деканы ЫҒЫЛОВА АСЕЛЬ ҚҰРМАНҒАЗЫҚЫЗЫ  жоғары кәсіптілік пен сапалы, мінсіз атқарылған жұмыстары және жеткен жетістіктері үшін «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС – 2019» номинациясымен, ИНЖЕНЕРЛІК ТЕХНИКАЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ жоғары ұйымшылдық пен тұрақты жұмысы үшін «ҮЗДІК КАФЕДРА-2019» номинациясымен, ал Шетел тілдері кафедрасы «ҰЙЫМШЫЛ КАФЕДРА – 2019» номинациясымен, талаптылығы, тәртіптілігі және нәтижелі жұмысы үшін ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КЕДЕН ІСІ кафедрасы «ТАЛАПШЫЛ КАФЕДРА – 2019» номинациясымен, Кәсібилігі мен сенімділігі және жұмыстағы жауапкершілігі үшін ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ АВТОМАТТАНДЫРУ кафедрасы «ЕҢ ЖАУАПТЫ КАФЕДРА – 2019» номинациясына ие болды.

Оқытушы РАХМЕТОВА ИНДИРА АЛИМБЕКҚЫЗЫ «САМЫЙ КРЕАТИВНЫЙ СОТРУДНИК – 2019»номинациясымен, «Рухани жаңғыру» орталығы директоры,баспасөз хатшысы  БИҒАЛИ ЕРМЕК АҚҚАЛИҰЛЫ жоғары белсенділігі мен іскерлік қабілеті үшін «За творческий подход к делу и за активную маркетинговую работу» номинациясымен, оқытушы,ғылым бөлімі басшысы НҰРПЕЙІС ГҮЛШАТ САКЕНҚЫЗЫ өз мімдеттерін мінсіз атқарғаны үшін «САМЫЙ  ОТВЕТСТВЕННЫЙ СОТРУДНИК – 2019» номинациясымен, қашықтан оқыту бөлімі басшысы КАСАНОВА АКТОТЫ  ГАРИФОЛЛАҚЫЗЫ жоғары тиімді жұмысы мен қайтарымды жетістіктері үшін «ЗА БЕЗУПРЕЧНУЮ РАБОТУ – 2019» атағымен, институттың  бас бухгалтері ЕРГАЛИЕВА ЖАНАТ  МАЛИКҚЫЗЫ  « Сауатты қаржылық қызметі мен жоғары жетістігі үшін» атауымен,  Оқу-методикалық тіркеу бөлімі жетекшісі ИХСАНОВА ЖАНСАЯ САКЕНҚЫЗЫ жоғары ұйымдастырушылық жетістіктері үшін «ВЫСОКИЙ СТАРТ -2019» атауымен, профессор ЛИКАРОВ МУРАТ ЛИКАРҰЛЫ  «ЛУЧШАЯ ТВОРЧЕСКАЯ ЛИЧНОСТЬ» номинациясымен, оқу бөлімі басшысы ЖИЕНКУЛОВА ЛАЗЗАТ ТІЛЕУҚЫЗЫ «ЗА ПРОФЕССИОНАЛИЗМ» номинациясымен, аға оқытушы,магистр ТУГЕЛЬБАЕВА АЛТЫНАЙ ТУЛЕГЕНҚЫЗЫ институт  қабылдау комиссиясы жұмысын жаксы ұйымдастырғаны және жоғары жетістігі үшін «ВКЛАД В РАЗВИТИЕ ИНСТИТУТА» номинациясымен, профессор СЕИТОВ НӘСИПКАЛИ СЕИТҰЛЫ білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы жетістіктері үшін

«ЗА РЕЗУЛЬТАТИВНОСТЬ»  атағымен марпатталғандығы туралы сертификаттарын алды.

Институт ректоры,профессор Е.У. ИХСАНОВ Жаңа 2020 жылда Мемлекет басшысының Жолдауымен ҚР білім беруді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарламасын жүзеге асыру міндеттеріне сәйкес сапалы білім мен тәлімді тәрбие беру және жоғары тиімді ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, жаңа жетістіктерге жету керектігін атап айтып, марапат иелерін құттықтады.