«ЕЛБАСЫ-ЕЛ ТІРЕГІ» және «Елдіктің жеті тұғыры»атты қағидаттар туралы

Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы –ел тірегі» және «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар туралы толғам атты шара үстіміздегі жылғы 30 қараша күні Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында ұйымдастырылды.
Жиынға профессор- оқытушылар,ғалымдар, студенттер қатысты. Мерекелік шарада Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жаңғыру моделін қалыптастыру мен Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінде Елбасының тайсалмай, тағдыр шешті батыл қадамдарға барғанын,Қазақстан бүгінде төрткүл дүниеге түгелдей танылған мемлекет болып қалыптасқанын, өз орны, ұстанған бағыты, жеткен жетістіктері жетерлік екенін талдады. Нәтижесінде экономикамыз дамып, елдің тұрмысы түзеліп келеді. Бұл – факт. Мерекелік шараға жиылғандар Қазақстаның Тәуелсіздік алған 30 жылдағы тарихи кезеңі мен Тәуелсіз еліміздің қалыптасу жолындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі мен маңызды реформалары,Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы туралы айтты.
Жиында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры,Қазақстан ҰҒА корреспондент-мүшесі,профессор Ерсайын Валитханұлы Ихсанов сөйлеп, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев біздің елдің шаңырағын көтеріп, керегесін бекітумен қатар, Дүниежүзілік қауымдастыққа сіңірген еңбегі де зор екенін атап айтты. Оны бүкіл дүниежүзілік қауымдастық мойындайды. «Әуелі экономика, кейін саясат» деген стратегияны ұстанған Тұңғыш Президент халықты сол аласапыран дәуірден алып шықты. Әлемнің көп елі тарихи тұлғаны дана саясаткер ретінде танып, мойындайды»,-деген ректор Ерсайын Валитханұлы барша профессор-оқытушылар құрамын,білім алушыларды Тұңғыш Президент күнімен құттықтап,бейбіт аспан,мол табыс пен береклі де бірлікті өмір тіледі.
«Елбасы –ел тірегі» тақырыбында «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамту» білім бағдарламасының 1 курс студенті, « Nur-Otan» партиясының «Jas otan» жастар қанатының институттағы ұйымының төрағасы Қуанов Бекзат баяндама жасап,тұңғыш президенттің жастық шағы мен өсу белестері,өнегелі ғұмыры туралы айтты.
«Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы» және Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығы туралы» тақырыбында -к.ф.н. доцент Бисекенова Алма Түсіпқызы жан-жақты баяндап берді.
Ал қаржы білім бағдарламасының 2-курс студенті,қоғамдық жұмыстар белсендісі Оразбаева Лаура «Первый Президент моей Родины» тақырыбында сөйлеп, жастардың Елбасы туралы ойлар мен бүгінгі тәуелсіздік ұрпақтары-Атырау инженерлік –гуманитарлық институты студенттерінің алғыс сезімдерін жеткізді.
«Инженерлік,өңдеу ждәнеқұрылыс салалары» кафедрасы меңгерушісі,профессор Мұрат Ликаров: « Институттың ұжымы мен студенттерді ,барлық қазақстандықтарды Тұңғыш президент күні мерекесімен құттықтаймын! Еңсесі биік ел қашан да Елбасының еңбегін бағалайды. Тұрақтылық пен келісім жарасым тапқан Қазақстан Тұңғыш Президент салған сара жолдан таймасы анық»,-деді. Ол тәуелсіздік алғаннан кейін Елбасының арқасында Семей полигоны жабылып,халықтың тынысы ашылғанын, дамымай қалған Гурьев облысы Атырауға айналып,мұнай –газ саласы дамып отырғанын,қазір мұнда 400-ден астан шет елдік компания жұмыс жасап инвестиция құйып жатқанын айтты.
Тәрбие эәне әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Бақберген Қарабаев, «Бизнес, басқару және құқықтану» кафедрасы жетекшісі,экономика ғылымдары кандидаты Болат Қожиев осы заманға сай, табысты, дамыған Қазақстан Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанған бағытының нәтижесі – қоғамның сұранысына дер кезінде жауап бере білу қабілетінің, реформаларды алдын ала бажайлап, алдағыны саралап, болжай білуінің жемісі екенен, Елбасы ұлтты жоғары деңгейдегі мақсатттарға жету жолына ұйыстыра білгенін, Қазақстанның жаңа тарихы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен және оның стратегиялық көрегендігі, сындарлы саясатымен байланысты. Оның дәлдігін өмірдің өзі дәлелдегенін атап көрсетті.
АИГИ Баспасөз қызметі.