«ГЛАДИАТОР» ДЕБАТ КЛУБЫ-жаңа маусымда

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты :
«ГЛАДИАТОР» ДЕБАТ КЛУБЫ-жаңа маусымда
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында студент жастардың «Гладиатор» дебат клубы бірнеше жылдан бері жұмыс жасап келеді. Енді 2021-2022 жаңа оқу жылынан бастап дебат клубына жаңа студенттер қосылып, жаңа құрамда жұмыстарын бастады. «Гладиатор» дебат клубының президенті болып «Радиотехника,электроникажәне телекомуникация» білім бағдарламасының бірінші курс студенті Нұралы Сабырұлы , ал вице-президенті болып «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім бағдарламасының бірінші курс студенті Айбек Мырзағалиев сайланды. Клуб құрамында Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы президенті,3-курс студенті Аманжан Әділов, «Nur-Otan» партиясы «Jas –Otan» Жастар қанатының төрағасы,1 –курс студенті Бекзат Қуанов,студенттер Азамат Бөлекеев,Тұрар Тұрланбаев,Бекарыс Қабдоллаев және басқалар бар.
Үстіміздегі жылдың 27 Қарашасы күні Атырау жоғары медициналық колледжі мен «Жеті Жарғы» қоғамдық қорының бірлесуімен студенттер арасында өткен пікір-сайыс турнирінде Атырау инженерлік -гуманитарлық институтының «Гладиатор дебат клубы» да белсене қатысты.
Атырау жоғары медициналық колледжінде бүгінгі таңдағы медицинаның дамуы, дәрігерлік қызмет көрсету деңгейі, медициналық этикет және басқа да өзекті мәселелер талқысында институтымыздың дебат клубының студенттері белсенділіктерімен көзге түсті. Дебат қортындысымен «Гладиатор» клубының мүшелері «Алғыс хатпен» марапатталды.
Жалпы институттың дебат клубы жастар ресурстық орталығымен тығыз байланысып, түрлі басқосу, кездесу, семинар-тренингтерге, конференцияларға қатысып Алғыс хаттармен марапатталып жүр. Бұдан бұрын «Гладиатор» пікірсайыс клубы сыбайлас жемқорлық тақырыбында турнир ұйымдастырып, Мизамов Азамат «Үздік төреші», Аймақова Мадина «Үздік спикер» атанды. Сыбайлас жемқорлық тақырыбында эссе конкурсында Сыдық Тілектес үздік атанды. Сондай-ақ, Мизамов Азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған карикатуралардың республикалық конкурсына қатысып алғыс хатпен марапатталған болатын. Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде өткен «Мен жастарға сенемін» атты 5-ші республикалық патриоттық студент жастар форумына Ермұханов Салауат пен Аймақова Мадина эссе конкурсына қатысып, финалға жолдама алған еді.