«iTest: Үздік нәтиже» республикалық әлеуметтік-білім беру байқауы

«iTest: Үздік нәтиже» республикалық әлеуметтік-білім беру байқауы

Назар аударыңыздар! 2020 жылдың 3 ақпанынан 17 шілде аралығында өтетін, жыл сайынғы «iTest: Үздік нәтиже» республикалық әлеуметтік-білім беру байқауы басталды. Бұл Қазақстанның барлық 11-сынып оқушыларына жоғары оқу орнына грант ұтып алу үшін ерекше мүмкіндік

Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың жалпы білім деңгейін көтеру, жоғары сынып оқушыларына www.itest.kz ұлттық онлайн білім беру ресурсын қолдана отырып, қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға тиімді дайындалуда ауыл мен қаладағы мектеп бітіруші түлектерге қолдау көрсету.

Білім беру гранттарынан бөлек, байқау барысында үздік қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады!

Байқау Bilim Media Group компаниясының ұйымдастыруымен, бас серіктес – Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU), серіктес – Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті (МУИТ) және Alser компаниясының демеушілігімен өтуде.

Қатысу толығымен тегін!

Толығырақ www.itest.kz сайтынан білуге болады.

АИГИ Баспасөз қызметі

Related Posts

Read also x