Конференцияға белсенді қатысқандарға –Сертификат

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты профессор- оқытушылары пандемиялық карантин талаптарын қатаң сақтай отырып,онлайн форматтарындағы әртүрлі деңгейлердегі халықаралық және республикалық конференциялар мен форумдарға белсенді қатысып келеді.

Жақында «Тіл және әдебиет пәндері мұғалімдерін дайындау» кафедрасының профессор-оұытушылары,кафедра меңгерушісі, PhD докторы Н.М.Қақпанбаева, оқытушылары – Ғ.Т.Сұлтанова, А.А.Мұратова,Ғ.А.Нұрмұханова,Н.У.Райсова «Ұлы дала халқының рухани- адамгершілік жаңғыру және цифрландыру дәуіріндегі жастардың этникалық тәрбиесінің жаһандық және ұлттық трендтері» атты халықаралық ғылыми- практикалық конференцияға белсенді қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды. АИГИ Ректораты марапат иелерін құттықтап,жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру жолында табыстар тілейді.

АИГИ Баспасөз қызметі.