«Ковид-19»: Басты назарда – студенттердің қауіпсіздігі

«Ковид-19» қауіпті инфекциясының таралуыа жол бермеу мақсатында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында да бұл қауіпті індеттен қорғану, оны болдырмау,жаппай вакцина алу,басқа да санитарлық-эпидемиялық шаралары атқарылып жатыр. Осы ретте Атырау қаласының Еркінқала поселкесі дәрігерлік-амбулаториялық емханасының бас дәрігері Еркін Сабиров Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерімен кездесіп, елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай, білім беру нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ,халықты вакциналау барысы мен оның қазіргі жағдай туралы айтты.
Бас дәрігер Еркін Сабырұлы қазір аймақта эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түскенін айтып, тұрғындар арасында бетперде режимін сақтау, коронавируспен күресте вакциналаудың маңызды екенін атап айтты.
– Бұл қауіпті Індетті жеңудің жолы – вакциналау. Санитарлық талаптарды сақтай отырып, екпе егу жұмыстарын қарқынды жалғастыру қажет,- деді ол. –Вакциналаудың маңыздылығы бойынша насихат жұмыстарын күшейту керек. Қазір облыста індет жұқтырғандар саны күн сайын артып отыр. Бұл қауіпті індеттен қорғанудың бірден-бір жолы коронавирусқа қарсы вакцинацияны қабылдау. Бас дәрігер екпе туралы алып-қашпа бос, өтірік әңгімелерге сенбеуге,оның пайдалы екенін жеткізіп,әркім өз денсаулығына өзі ғана мүдделі болуға шақырды.
Инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы “қызыл” аймақта келеді. Тек соңғы тәулікте ғана Атырау қаласында «Covid-19» жұқтырудың 56 жағдайы расталған. Сондықтан да институтта білім алушылардың денсаулығының қауіпсіздігі басты орында. Барлық студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы,қызметкерлер институтқа «Ashyq» мобилді коды арқылы кіреді. Санитарлық –эпидемиялық талаптар кешені де институт ішінде қатаң сақталып отыр.

АИГИ Баспасөз қызметі.