АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты 2001 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен берілген мемлекеттік лицензия негізінде жоғары білім беріп келеді.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты 2005 және 2010 жылдары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік аттестациясынан табысты өтіп, жоғары білім кеңістігінде өз мәртебесі мен имиджін көрсете алды.

Институт  төмендегідей мамандықтар бойынша бакалавр-мамандарды даярлайды:

5В070800 - Мұнай-газ ісі;

5В070200 - Автоматтандыру және басқару;

5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар;

5В072900 - Құрылыс;

5В073200 - Стандарттау, метрология және  сертификаттау;

5В050600 - Экономика;

5В050900 - Қаржы;

5В011900 - Шетел тілі: екі шет тілі;

5В030400 - Кеден ісі;

5В060200 - Информатика;

Институттың материалдық-техникалық базасы қазіргі заман талабына сай ұдайы дамуда. Оқу ғимараттары, кітапхана, оқу залдары, зертханалар, пәндік, лингофондық кабинеттер, спортзал,   Интернет желісіне қосылған,  мультимедиялық және интерактивтік  қондырғылар, қазіргі заманға сай есептеу техникасымен жабдықталған компьютерлік сыныптар студенттердің сапалы білім алуына қызмет етеді. 2011 ж. 4 қатарлы оқу ғимараты, 2014 ж. 4 қатарлы жатақхана іске қосылды. Тағы бір бес қатарлы оқу ғимаратының құрылысы аяқталуда, ол жаңа оқу жылында іске қосылады.

     Институтта 1800-ден астам студент білім алады. Оларға  кәсіби біліктілігі мен ғылыми лауазымдары жоғары және ірі өндіріс орындарында еңбек еткен тәжірибелі профессор-оқытушылар құрамы дәріс береді, олардың ішінде 7-і –  ғылым докторлары мен профессорлар, 34-і – ғылым кандидаттары мен доценттер.

     Институтта жоғары білім беру заманауи инновациялық жүйе арқылы жүзеге асырылуда, кәсіби мамандарды дайындауға бағытталған жаңа технологияларды енгізу қолға алынған.  Білім беру үрдісі толығымен кредиттік оқыту жүйесі бойынша жүргізіледі. Бұл соңғы заманауи инновациялық «Платон» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылуда. Сабақ модулдік жүйемен оқытылады. Өткен оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттеріміз Ресейдің, Қазақстанның іргелі жоғары оқу орындарында оқып, білім алды, биылғы оқу жылында да бұл үрдіс жалғастырылуда.

     Атырау инженерлік-гуманитарлық институты ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және студенттердің кәсіби деңгейін көтеру мақсатында алыс және жақын шетелдерінің жоғары оқу орындарымен, белгілі ғылыми орталықтарымен ғылыми және оқу-әдістемелік байланыстар орнатқан.

     Ұдайы өткізілетін пәндік олимпиадалар, студенттердің ғылыми конференциялары, семинарлар, ғылыми үйірмелер мамандықтарды жақсы меңгеруге, ізденістерге жұмылдырады.

     Студенттер оқу және өндірістік тәжірибелерін ірі өндірістік кәсіпорындарда өткізеді.

     Біздің институтта бәсекеге қабілетті, өз мамандығын жақсы меңгерген, ақпараттық  мәдениеті жоғары, шығармашыл, елін сүйетін, рухы таза, ұлтжанды тұлғаны дайындауға үлкен көңіл бөлінеді. Институт олардың мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуына ықпал етеді. Өткен жылы біздің институтты бітіруші түлектер «АДЖИП»  компаниясымен ынтымақтастық негізінде «Жаңа Бастама – Мұнай ұңғымаларын пайдалану» арнайы жобасына қатысып, жоғары оқу орындары арасында жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Біздің түлектеріміз  Адешов А., Айтмұхамбетов С., Ахметжанов Б., Алмұханов М., Самиғоллаұлы Ж., Сарқұлов М., Тұғанбаев Н. жеңімпаз атанды. Олар жоба нәтижесі бойынша «АДЖИП»  компаниясына жұмысқа орналасты.

     Бітіруші түлектердің жетістігі – бұл институтымыздың жетістігі, болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің жарқын үлгісі.

     Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын бітірген 3000-нан астам инженерлер мен басқа да мамандық иелері еліміздің мемлекеттік және жеке нарық құрылымдарында, шет елдік компанияларда, фирмаларда, банктерде және басқа салаларда табысты еңбек етуде. 

     Атырау инженерлік – гуманитарлық институтының студенттері «Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы», Жастар ісі жөніндегі комитет, «Студенттер кеңесі», «Жас ұлан» дебат клубы, «Жалын» спорт клубы, «Қызғалдақ» қыздар клубы,  «Жас Отан» жастар қанаты, «Нұр Отан» партияларының жастар құрамы, волонтерлар,  «КВН» «Жасыл ел» студенттер отряды, Қазақстан студенттер Альянсы қоғамдық ұйымдары жұмыстарына белсене қатысады. Жақында «АИГИ құрамасы» КВН командасы республикалық бірінші лиганың іріктеу нәтижесі бойынша 1/2 финалына жолдама алды.

     Институттың «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының 4 курс студенті Күбекен Сағынгерей – Атырау облысы бойынша пікір сайысында жеңімпаз атанып кубок иегері, ең үздік спикер, «Жастар Таңдауы» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Мен әлемді өзгертемін» атты видеороликтер конкурсында «Ең үздік видеомонтаж» номинациясының иегері, Алматы қаласында  Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде өткен олимпиадаға қатысып дипломмен, Ақтөбе қаласында экология және инженерия ғылым академиясының ұйымдастырумен өткен халықаралық форумда 40-қа жуық қатысушылардың арасынан 3 орынды иемденіп, «Экология және инженерия Ғылым академиясының мүшесі» атанып төс белгімен марапатталды. Сондай-ақ, студенттер Самиғоллаұлы Жасұлан, Загипарова Данагүл Қазақстан Республикасының Мәдениет және Ақпарат министрлігінің тіл комитетінің ұйымдастыруымен   Бурабай өңірінде «Тіл дарын» үш тілді жетік меңгерген  (қазақ, орыс және ағылшын) 18 бен  25 жас аралығындағы жастар арасында байқауда 1 орынды иеленді.

     Студенттердің спорттағы жетістіктері жоғары. Біздің алғашқы түлектеріміздің бірі Ізбасқанов Болат спорттың каратэ до түрінен әлемнің 3 дүркін чемпионы, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Қазір де  жаттықтырушы болып жас спортшыларды тәрбиелеп келеді.

     Осындай институтымыздың бітіруші түлектері Сардарова Сәуле, Бозақаева Әсия көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпаздары. Әлі күнге дейін таэквондодан тек Атыраудың емес Қазақстанның атын Бүкіл әлемге танытып жүрген біздің мақтанышымыз.

     Атырау инженерлік-гуманитарлық институты инновациялық бағдарламаларды сәтті іске асырағаны үшін Европа кәсіпкер қауымдастығының  «INSAM» марапатталды (Маскеу, 2007).

    Институтқа қабылдау мынадай тәртіп бойынша іске асырылады:

·  Орта мектепті биыл бітірген талапкерлер – ҰБТ қорытындысы бойынша берілген сертификат негізінде;

·  Өткен жылдары бітірген және арнаулы орта оқу орнын бітірген талапкерлер – кешенді тест сынағының нәтижесі бойынша берілген сертификат негізінде қабылданады;

·  ҰБТ және кешенді тест сынағының нәтижесімен берілген сертификат негізінде мемлекеттік білім грантын алуға үміткер бола алады;                                                                                                                      

·  Екінші жоғары білім аламын деушілер барлық мамандықтарға емтихансыз (әңгімелесу арқылы) қабылданады.

Күндіз оқыту бөлімінде оқу мерзімі – 4 жыл, сырттай оқыту бөлімінде – 5 жыл, жоғары білім негізінде – 2 жыл, арнаулы орта білім негізінде оқуға түсушілерге –3 жыл.

Институтты бітірген түлектерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.

 

Артықшылықтар мен жеңілдіктер:

-  өлкеміз бойынша ең төмен оқу ақысы;

-  оқу ақысы институтты бітіргенге дейін өзгермейді;

-  оқу ақысын төлеудің ең тиімді жүйесі;

-  оқу озаттары үшін жеңілдіктер қарастырылған;

-  биылғы оқу жылында мектепті үздік бітірушілер бірінші семестрде тегін оқытылады;

-  спорт, өнер салаларында республикалық, шетелдік дәрежедегі сайыстарда жоғары жетістіктерге жеткен студенттерге де оқу ақысына жеңілдіктер көзделген;

-  барлық студенттер үшін Интернет жүйесін тегін пайдалану мүмкіндігі;

-  шет тілін және компьютерлік техниканы терең игеру мүмкіндігі;

-   «Академиялық ұтқырлық»  бағдарламасы бойынша оқыту мүмкіндігі;

-    Жатақханамен қамтамасыз етіледі;

-   жоғары оқу орындары аралық әскери кафедрамен келісім негізінде әскери дайындық өтеді.

Институт құрамында жоғарыда көрсетілген мамандықтар бағытында орта кәсіптік мамандар даярлайтын Колледж жұмыс жасайды.

Қажетті құжаттар тізімі:

1.     Аттестат немесе диплом (түпнұсқа)

2.     ҰБТ немесе кешенді тест сынағының сертификаты

3.     3х4 көлемдегі алты фотосурет

4.     086-У нысандағы медициналық аңықтама

5.     Жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесі

 

Күтеміз, Сіздер үшін институтымыздың есігі ашық!

                   Біздің мекен-жайымыз: 

060011  Атырау қаласы,   

Худин көшесі, 5а

Тел/факс: 8 (7122) 31-93-10,

31-93-00, 31-93-03, 8 702 762 02 03,

8 747 980 73 60

www.aigi.kz;

Е-mail