Экономика және кеден ісі кафедрасы
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты 5В050600 – Экономика және 5В050900 - Қаржы мамандықтары бойынша 2001 жылдан бастап ҚР 06.12.2001ж. мамандықтарының классификаторына сәйкес бакалаврлер дайындығын жүргізіп келеді. Атырау инженерлік-гуманитарлық институты білім берумен шұғылдануға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен № 0000065 мемлекеттік лицензиясы 2001 жылы берілді.
5В050600 – Экономика және 5В050900 - «Қаржы» мамандығы бойынша кәсіби білім беру бағдарламасын дамыту мақсатында 2010 жылдың 3 ақпанында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің АА № 0137468 мемлекеттік лицензиясы жаңартылды.
5В050600 – Экономика және 5В050900 - «Қаржы» мамандығы бойынша несиелік технологиямен күндізгі және сырттай оқу жүргізіледі.
Кафедрада ғылыми-педагогикалық қызмет пен халықтық шаруашылық үшін мамандарды дайындау жүзеге асырылады. Кафедра бойынша бакалавриатта төмендегі мамандықтар бойынша мамандарды дайындау жүргізіледі:
- 5В050600 - Экономика
- 5В050900 - Қаржы
- 5В030400 - Кеден ісі
Кафедра қызметінің міндеттері:
Кафедраның негізгі міндеті кәсіби дамытуды жетілдіруді өтейтін іргелі: қолданбалы білім беру, гуманистік бағытта тәрбиелеу негізінде жоғары білімді, адамгершілігі мол, отанын қадірлейтін, жоғарғы шығармашылықпен еңбек ететін, ақиқатты жанына жақын тұтатын, білікті, білімді, ел тәуелсіздігін қадірлейтін, рухы үстем, дін мәселелерін шешуге бейім, саяси әлеуметтік мәселеде пікір айтатын, заң талаптары мен дербес саяси бағдарламаларға ат салысатын тұлға дайындау. Кафедраның жұмыс мәселелерін талқылау және қажетті шешімдер қабылдау үшін айына бір рет кафедра мәжілісі өткізіледі, оған кафедраның профессор оқытушылар құрамы түгел қатысады. Кафедраның шешімі барлық мүшелері үшін міндетті; Кафедра өзінің жұмыстарын жылдық жоспарға сәйкес жүргізеді. Бұл жоспарда оқу, әдістемелік, ғылыми-зерртеу, тәрбие және де басқа жұмыс түрлері қамтылады. Кафедра өз жұмысын институттың ректоры бекіткен іс қағаздары бойынша ережеге сәйкес жүргізіледі. Кафедра өзінің профиліне сәйкес оқу лабораториясына немесе кабинеттерге ие болады; Болашақ мамандарға кәсіби білім беру мен қатар, олардың заман талабына сай құндылықтарды бағдарлай алу қабілетін тәрбиелеуге де зор мән беріледі.
Кафедра оқу процесінде ғылым мен практиканы ұштастыруды, студенттердің шығармашылығын қалыптастыруды өз дамуының негізгі бағыттары деп есептейді.
Кафедра мақсаты:
- Қазақстан Республикасы аймақтарындағы кадрлар бойынша тұтынушылықты есепке ала отырып, жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды дайындау құрылымын жасақтау;
- Негізгі білім беру бағдарламаларының бағыттарын көбейту мақсатында жұмыс істеу;
- Мамандардың кәсіби дайындығын тексеру;
- Білім алушы контингентін сапалы қалыптастыру;
- Кәсіби іс әрекетке жақсы дайындалу үшін ізденушінің тәжірибеден өтуін қамтамасыздандыру;
- Білім берудің фундаменталдығын сақтай отырып, оның негізінде білім берудің жоғары сапасын қамтамасыздандыру;
- Заманауи талаптарды еске ала отырып жаңа білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындау;
- Мамандарды дайындау мазмұны жаңалап, білім беру процесін қолданбалы бағытталуын және оның инновациялық оқыту технологияларын кеңінен пайдалану;
- Мамандарды дайындаудың сапасын бақылау жүйесін жетілдіру;
- Білім беру процесінде білімді компьютерлік бақылау жүйесін ендіру және пәндердің электрондық кешендерін өңдеу және енгізу;
- Білім беру процесін ақпараттандыру, әдістемелік және кітапханалық қамтамасыздандыру деңгейін арттыру;
«Экономика және кеден ісі» кафедрасын э.ғ.к. Молдашева А.К. басқарып келеді.

Молдашева Анар Куангалиевна
э.ғ.к., доцент ККСОН МОН РК,
Молдашева Анар Куангалиевна 1969 жылы 7 шілдеде Атырау қаласында дүниеге келген.
1987 жылы №16 мектеп – гимназиясын бітіріп, 1987 жылы Қазақ политехникалық институтына оқуға қабылданып, бітіріп шықты. 1992 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық универститетін «Организация механизированной обработки экономической информации» мамандығы бойынша бітіріп, инженер- экономист біліктілігін алды.
1992 жылы «Эмбанефтегеофизика» өнеркәсібінде инженер- экономист қызметінде жасады.
1993 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР Ұлттық академиясы батыс аймақтық экономикалық зерттеу орталығында инженер қызметін атқарды.
1995 жылдан 2015 жылдың қыркүйек айына дейін Атырау мұнай газ институтының «Есеп және аудит» кафедрасында қызмет атқарды.
2003 жылы «Есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі қызметінде болды.
2005 жылдың 20 мамырынан бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
2007 жылы «Организационно-экономические аспекты развития контрактной системы в нефтеперерабатывающей промышленности» тақырыбында кандидаттық диссертациясын 08.00.05 – Экономика және халықтық шаруашылықты басқару мамандығы бойынша Алматы қаласы Халыаралық Бизнес универститетінде э.ғ.д., профессор Яновский О.А. жетекшілігімен қорғады.
«Қаржы», «Салық және салық төлемдері», «Қаржылық менеджмент» оқу құралдары мен «Развитие нефтеперерабатывающей промышленности Республики Казахстан на основе контрактной системы» атты монографиясы және 30 дан астам ғылыми мақалалары жарыққа шықты.
2010 - 2011 жылдары Экономика факультеті деканының оқу жұмыстары бойынша орынбасары қызметінде болды.
2011 жылдың тамыз айынан 2015 жылға дейін институттың кеңсе- тіркеуші басшысы қызметінде жасады.
2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Еуроаймақтық құқықтық университеті заманауи ғылым колледжының экономика профессоры болып саналады (Honorar-Professor Economics).
2012 жылдан бері Германияның Дюссельдорф қаласының «B.W.I.e.V» тіркелген халықаралық ғылыми кеңес мүшесі.
Қазақстан іскер әйелдер ассоциациясының мүшесі.
Қазіргі уақытта Атырау инженерлік гуманитарлық институтының «Экономика және кеден ісі» кафедрасының меңгерушісі қызметінде.
1. Профессор - оқытушылар құрамы және ғылыми әлеует
«Экономика және кеден ісі» кафедрасында білім беру ісінде көп жыл еңбек еткен жоғары білімді ғылыми дәрежелі мамандар, ғылым докторлары, кандидаттар және магистрлер жұмыс атқарады. Штаттық ПОҚ ғылыми әлеует 50 % құрайды.
Кафедраның профессор - оқытушылар құрамы ғылыми – зерттеу жұмыстарын жоспар бойынша мынадай бағытта жүргізуде:
- Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз;
- Ақша несие саясаты;
- Инфрақұрылымды дамыту;
- Шағын және орта бизнесті дамыту;
- Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту;
- Бизнесте инновациялық технологияларды пайдалану;
2. Тәрбие жұмысы
Студенттік топ жоғары оқу орнындағы студенттердің өмірлік қызметі құрылымының ұйымдастырушылық негізі болып табылады. Мұнда студенттердің аса маңызды өзін-өзі тануы, қарым-қатынас, басқа тұлғаларды бағалау, тұлға ретінде өзіне баға беру сияқты әлеуметтік қажеттіліктері жүзеге асырылады. Топтың бірлігіне, оның мүшелерінің арасындағы өзара қарым-қатынас, көшбасшылардың беделі көптеген жағдайда оның ұжым ретіндегі даму деңгейіне байланысты болады, яғни әрбір студенттің тұлғалық әлеуметтену үдерісіне тиімді ықпал етеді. Сондықтан да топ институттың бүкіл оқытушылар ұжымының жүзеге асыратын тәрбие жұмысының негізгі нысаны болуы тиіс.
Студенттердің рухани өсуі мен азаматтыққа, адамгершілік пен имандылыққа, ізгілікке баулу және жан-жақты шыңдалған белсенді тұлғаны қалыптастыру. Жасөспірім саяси,құқықтық мәдениеті мен ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке және мемлекеттік рәміздерді құрметтеп білуге тәрбиелеу. Сонымен бірге жастар арасында есірткі және зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау,дені сау тұлға тәрбиелеу.Оқушыларды табиғатты және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелей отырып,экономикалық ой жүйесін, біліктілікті қалыптастыру.
Ата-аналармен,қоғамдық ұйымдармен байланысты нығайту және колледжден тыс мекемелермен тығыз байланыста отырып, жеке тұлғаны қоғамға қызмет етуге тарту.
Студенттерді әлеуметтеуді шешудің негізгі міндеті қазіргі жағдайда бүкіл білім жүйесін жаңаша сапалы жағдайға өтуін қажет етеді.
Студенттік шақ өміріндегі негізгі кезең екендігін мойындай отырып, балалар, студенттер мен жастардың қоғамдағы өмірі толық қамтамасыз етілуі негігі қағида болып саналады.
3. Кафедраның тәжірибе және мекемелермен байланыс жұмысы
Кафедраның студенттерді оқытудың негізгі мақсаты өндірістік-технологиялық міндеттерді шеше алатын, жаңа формациядағы маман ды қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты практикаларға көп көңіл бөлуде. Өндірістік практика институттың оқыту үдерісінде алған теориялық білімдерін бекіту, практикалық машықтану мен біліктілікті игеру, сондай-ақ озық тәжірибелерді жинақтауға бағытталған. Әр практика түрінің міндеттері әртүрлі, бірақ мақсаты бір: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті маман кадрларын даярлау.
Кафедраның 3 мамандығы бойынша, облыстың қала, аудандар көлеміндегі өндіріс, кәсіпорындар, Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктер, банктермен төмендегідей келісім-шарттар жасалды:
Мекемемен байланыс және келісім- шарттар
| № | Мамандықтар атаулары | Келісім-шарт жасалған мекелер | Келісім-шарт мерзімі договора |
| 1 | 5В030400-Кеден ісі | ТОО «Каспийский национальный таможенный брокер» | 2014-2017 |
| ТОО «Мерей» | 2014-2017 | ||
| ТОО «Лига Казахстан" | 2014-2017 | ||
| ТОО «ЕвразияГруппЛогистикс» | 2014-2017 | ||
| ТОО «Жайык Брокер» | 2014-2017 | ||
| ТОО «Каспий брок» | 2014-2017 | ||
| ТОО «РИТМ» | 2014-2017 | ||
| ТОО «КТС Терминал Service» | 2014-2017 | ||
| АО АФ «БанкЦентрКредит» | 2014-2017 | ||
|
|
| ||
| 2 | 5В050600-Экономика | ГУ «Департамент статистики Атырауской области» | 2014-2017 |
| АО Страховой компании «КазКоммерцПолис» | 2014-2017 | ||
| КГП «Атырау-Акпарат» |
| ||
| АО «Тенгиз НефтеСтрой» | 2014-2017 | ||
| АО АОФ «РТРК»Казахстан» | 2014-2017 | ||
| Банк ВТБ | 2014-2017 | ||
| ТОО «Астал Групп» | 2014-2017 | ||
| ТОО «Онерпаз» | 2014-2017 | ||
| АО «НК «Казахстан темир жолы» | 2014-2017 | ||
| КГП «Атырау-Акпарат» |
| ||
| Филиал АО «АзияКредитБанк» | 2014-2017 | ||
| ИП ИВЦ | 2014-2017 | ||
| АО «НК «Казахстан темір жолы» | 2014-2017 | ||
| АО «КазмунайГазӨнімдері» филиал Испытательная лаборатория города Атырау | 2014-2017 | ||
| АО НПФ «Капитал» | 2014-2017 | ||
| ГП «Аппарат Акима Атырауского сельского округа» | 2014-2017 | ||
| ТОО «PromTechOil» |
| ||
| Инспекция финансового контроля по Атырауской области | 2014-2017 | ||
| РГП на ПХВ «Атырауский областной центр санэпид экспертизы | 2014-2017 | ||
| ТОО «ТРИДЭ» | 2014-2017 | ||
| АО НСК «КазСтройСервис» | 2014-2017 | ||
| ТОО «Пркаспийский Центр Сертификации» | 2014-2017 | ||
| ГУ Кзылкогинский районный отдел финансов | 2014-2017 | ||
| ТОО «Инфинити-Орда» |
| ||
| ТОО «Инфинити-Орда» |
| ||
| АО «НК «Казахстан темір жолы» | 2014-2017 | ||
| 7 | 5В050900-Қаржы | ТОО «Лига Казахстан» | 2014-2017 |
| АО АОФ «РТРК»Казахстан» | 2014-2017 | ||
| АО «Тенгиз НефтеСтрой» | 2014-2017 | ||
| ГУ «Департамент статистики Атырауской области» | 2014-2017 | ||
| ИП ИВЦ |
| ||
| Филиал АО «АзияКредитБанк» | 2014-2017 | ||
| АО ДК «БТА Банка» «БТА Страхование» | 2014-2017 | ||
| АО НК КТЖ «Кульсаринская дистанция сигнализации и связи» | 2014-2017 | ||
| АО АФ «БанкЦентрКредит» | 2012-2015 | ||
| РО ТОО АФ «Альянс-Финанс» | 2014-2017 | ||
| ТОО «Алма ТВ» | 2014-2017 | ||
| РГП на ПХВ «Атырауский областной центр санэпид экспертизы | 2014-2017 | ||
| ТОО «PromTechOil» |
| ||
| АО «КазмунайГазӨнімдері» филиал Испытательная лаборатория города Атырау | 2014-2017 | ||
| ТОО «ТРИДЭ» | 2014-2017 | ||
| ГП «Аппарат Акима Атырауского сельского округа» | 2014-2017 | ||
| Инспекция финансового контроля по Атырауской области | 2014-2017 | ||
| ТОО «Jnolustrial Services Sonitias LTD | 2014-2017 | ||
| Атырауский медицинский колледж | 2014-2017 | ||
| Атырауский медицинский колледж | 2014-2017 | ||
| ТОО «Онерпаз» | 2014-2017 | ||
| ТОО «Пркаспийский Центр Сертификации» | 2014-2017 | ||
| ТОО «Жайик- Универсал» | 2014-2017 | ||
| КГП «Атырау-Акпарат» | 2014-2017 |









"HIGHFLYERS Community" © development 2019