Инновациялық технология және зертханалық зерттеу орталығы

ЛИКАРОВ МҰРАТ ЛИКАРҰЛЫ
Техника ғылымдарының кандидаты, профессор
Инновациялық технология және зертханалық зерттеу орталығының директоры
2015 жылдың қыркүйегінен Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Инновациялық технология және зертханалық зерттеу орталығы» ашылды.
Орталық директоры болып техника ғылымдарының кандидаты, профессор, институттың ғылыми кеңесінің мүшесі - Ликаров Мұрат Ликарұлы сайланды.
Ликаров Мұрат Ликарұлы 1955 жылы 8 мамырда, Семей облысының, Жармин ауданының , Шар станциясында дүниеге келген.
Білім жоғары:
1987 жылы Мәскеулік инженерлік теміржол көлік институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірді.
1991 жылы Одессаның метрология және сапа училищесін инженер-метролог мамандығы бойынша аяқтады.
Кәсіби тәжірибесі:
2000ж. Атырау мұнай газ институты, «Инженерлік сараптама» кафедрасының аға оқытушысы. «Стандарттау, метрология и сертификаттау» кафедрасының доценты, «Диагностика және бақылау» зертханасының меңгерушісі, «СҒЗЖ» бөлімінің басшысы (студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы).
2014 ж. бері Атырау инженерлік-гуманитарлық институты, техника ғылымдарының кандидаты, «Инженерлік-техникалық пәндер» кафедрасының профессоры.
2015ж. бері «Инновациялық технология және зертханалық зерттеу орталығының» директоры.
Оқу құралдарының авторы:
1. «Каспий маңы метрологиясы»;
2. «Метрология»;
3. «Диагностика және тұтас бақылау»;
4. «Метрология негіздері және техникалық өлшемдер»;
5. «Метрология негіздері және техникалық өлшем құралдары»;
6. «Өндірістің метрологиялық қамтамасыздандырылуы».
7. ҚР және ТМД елдеріндегі журналдар басылымдарындағы 45 ғылыми мақала.
«ЦК ВЛКСМ», «ЦК КНПК» мақтау қағазымен, ҚР және РФ алғыс хаттарымен марапатталған. «Невада-Семей – 20 жыл» Халықаралық ядерға қарсы қозғалыстағы белсенділігі үшін», «ЖОО дамуына қосқан үлесі үшін -25,30лет», «Каспий өңірінің ЖОО қауымдастығына 10 жыл», «КПРФ РФ - 95 жылВЛКСМ», РФ «Белсенді азаматтық ұстаным мен отансүйгіштік үшін», ҚР«Ұлт мақтанышы» медальдарьмен марапатталды.
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтындағы «Инновациялық технология және зертханалық зерттеу орталығының» жүргізетін жұмысы, ҚР №407-ІҮ 2011 жылдың 18 ақпанындағы «Ғылым туралы» заңында көрсетілген Мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму стратегиясының міндеттері мен мақсаттарына толықтай сәйкес келеді. Институттың ғылыми –зерттеу қызметі ЖОО-ның (кафедра, зертхана бөлімдерінің жұмыс жоспарына) бекітілген жоспарына сай жүргізіледі.
«Инновациялық технология және зертханалық зерттеу орталығының»
Қызметінің негізгі мақсаты:
Мамандарылған,арнайы кабинеттерде, ЖОО –ның зертханасында профессорлық-оқытушылық құрамның жетекшілігімен жаратылыстану-техникалық ғылым саласында студенттік ғылыми-тәжірибелік зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру.
Мұнай саласында жоғары білікті мамандарды даярлауда көмек беру, яғни тәжірибеден өтуге, дипломдық жұмыстың тәжірибелік бөлігін орындауда, магистерлік диссертацияға, ғылыми зерттеу жұмыстарына сеп тигізу.
Студенттердің зертханалық-практикалық жұмыстарын орындау үшін, зерттеулер жүргізіп, ғылыми-техникалық міндеттерді шешу үшін, зертханалардың материалдық-техникалық базасы заманауи инновациялық-технологиялық құрылғылармен, стенд, құралдармен мамандық бағыттарына сай жабдықталған:
«Автоматтандыру және басқару»;
«Мұнай газ ісі»;
«Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар»;
«Стандарттау, метрология және сертификаттау»;
«Информатика»;
«Физика»;
«Химия»;
«Құрылыс».
Профессорлық-оқытушылық құрамның жетекшілігімен мамандандырылған зертханаларда студенттердің ғылыми үйірмелер ашылып, жұмыс істеуде.

Мусина Заримат Даулетиярқызы «Инженерлік-техникалық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, профессор «Мұнай газ ісі» мамандығы үйірмесінің жетекшісі, 3-курс студенттерімен сынақ стендінде зерттеу жұмысын жүргізуде. «Оқу-зертханалық стенд - НТЦ-11.02.С «Штангті сорғы орнату моделі».

Тимбаев Ақболат Бактыгерейұлы, «Инженерлік-техникалық пәндер» кафедрасының доценті, 3-курс студенттерімен зертханалық зерттеу жүргізуде, әртүрлі жылу алмастырғыш құрылғыларды компьютерлік бағдаламалы зертханалық стендте сынақтан өткізуде.

Жангереева Галина Жайсановна – «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының профессоры, 2-курс студенттерімен электротехника негіздері тарауы бойынша практикалық жұмыс жүргізуде.

Ликаров Мұрат Ликарұлы - техника ғылымдарының кандидаты, «Инженерлік-техникалық пәндер» кафедрасының профессоры, 3-курс студенттерімен «Сандық өлшеу қысым құралдарының шығын-серпінді сипаттамасы, компьютерлік бағдарламалы сорғының әр түрлі типі» туралы зертханалық зерттеулер жүргізуде.

Дүйсенова Гульжанат Мендыгереевна, «Автоматтандыру және басқару» кафедрасының магистрі, 2-курс студенттерімен НТЦ-9-12 «Автоматика және есептеуіш техника негіздері» компьютерлік бағдарламалық стендінде практикалық жұмыс жүргізуде.

Мырзағали Айдана Төлеуқызы - «Инженерлік-техникалық пәндер» кафедрасының магистрі, 2- курс студенттерімен компьютерлік бағдарламалы зертханалық стендте дифференциалдау және интегралдау тізбегінің жиілік сипаттамасы бойынша зертханалық жұмыс жүргізуде.









"HIGHFLYERS Community" © development 2019