Ректор - Ихсанов Ерсайын Уалитханұлы
Ихсанов Ерсайын Уалитханұлы 1950 жылы 28-ақпанда бұрынғы Гурьев, қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Котяевка селосында дүниеге келген.
1971 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының Математика факультетін Математика маманды бойынша бітірген соң, арнайы жолдамамен Гурьев Мемлекеттік педагогикалық институтының элементар математика кафедрасының ассистенті ретінде қызметке алынған.
1976-1979 жж. аралығында Абай атындағы ҚазПИ аспирантурасының күндізгі бөлімінде оқып, 1979-1991 жж. аралығында Гурьев педагогикалық институтының математикалық талдау кафедрасында аға оқытушы болған.
1990 жылы «Симметриялық спутниктің конустық прецессия аймағындағы периодты қозғалыстары» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған.
1991-1997 жж. аралығында Атырау мұнай және газ институты болып қайта құрылған бұрынғы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты Гурьев филиалының жоғары математика және есептеуіш техникасы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.
1997 жылы «УНАТ» институты Атырау филиалының директоры болып тағайындалған.
2005 жылы «Аспан механикасының жаңа модельдеріндегі Ляпунов бойынша орнықтылық мәселесі» атты тақырыпта диссертация қорғап, физика-математика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алдым.
2010 жылы математика профессоры ғылыми атағы берілді.
2001 жылдан қазіргі уақытқа дейін Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры қызметін атқарып келеді.
Ғылыми ізденістерінің бағыттары – аспан механикасы және космодинамика, теориялық механика және дифференциалдық теңдеулердің қолданбалы сұрақтары, космостық динамика есептерінің математикалық модельдерін құру және осы модельдердің стационарлық шешімдерінің орнықтылығын зерттеу үшін компьютерлік алгебраның жаңа алгоритмдерін жасау.
Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары академиясының, ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының және Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі. 80-нен астам ғылыми мақала және 3 монография, республикалық және шет елдердегі басылымдарда жарық көрген.
Германия, Америка, Греция, Польша, Белоруссия, Англия, Япония, Украина, Россия елдерінде өткен Халықаралық ғылыми конференциялар мен симпозиумдарда баяндама жасаған.
1969 жылы Қазақстан комсомолы Орталық комитетінің «Құрмет грамотасымен», екі дүркін (1993-1998 жж.) ҚР Білім министірлігінің «Құрмет грамоталарымен», 2005 жылы «ҚР Білім беру саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен, 2007 жылы Оксфорд университетінің «Сократ» медалімен, 2010 жылы «ҚР-да ғылымды дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталған.
2010 ж. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы, 2011 ж. ҚР Президентінің «Алғыс хаты» берілді.









"HIGHFLYERS Community" © development 2019