Модульдік оқыту жүйесіне арналған конференция
2014 жылдың 10-шы қаңтарында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Атырау инженерлік-гуманитарлық институты колледжінде модульдік технология арқылы оқытудың әдістемелік негіздері» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
Конференцияның пленарлық мәжілісінде институттың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Ж.С.Хасанованың «Атырау инженерлік-гуманитарлық институты колледжінде модульдік технология арқылы оқытудың әдістемелік негіздері», колледж оқытушылары И.Е.Құлбалинаның «Техникалық пәндер арлықы модульдік технология негізінде сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың әдістемелік негіздері», М.Қазиеваның «Экономикалық пәндер арқылы модульдік технология негізінде сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың әдістемелік негіздері» тақырыбындағы ғылыми жобаларының, Г.Б.Қожантаева, М.М.Қазиева, И.Е.Құлбалина, С.Қ.Текешовалар дайындаған оқу үрдісіне модульдік технологияны енгізу бойынша пәндік-циклдық комиссияларының тұсауы кесілді.
Сондай-ақ колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.С.Ляпиденова «Білім беру бағдарламасын жасақтау процесіне модульді енгізу», колледж директорының ғылыми-әдістемелік істер жөніндегі орынбасары Г.Н.Тулесинова «Модульдік технология арқылы оқытуды енгізу процесі арқылы оқу жұмыстарын жетілдіру», сырттай оқу бөлімінің меңгерушісі М.А.Супыгалиева «Физика сабағында модульдік оқыту негізінде инновациялық технологиясын пайдалану» және колледж оқытушылары Ж.Б.Асабаева «Колледж ұжымының тәрбие жұмысында модульдік жүйені қолдану тиімділігі», К.Қырықбай «Модульдік технологиялар арқылы тарих пәнін проблемалық оқытуда оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытудың тиімді жолдары» тақырыптарында баяндама жасады.
Секциялық отырыста гуманитарлық пәндер және жалпы білім беру пәндер циклдық комиссиясының модульдік оқытуға арналған бағдарламалары талқыланды.
Конференцияға Атырау облыстық техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бастығы Н.Х.Кабдирова, республикалық ғылыми әдіскерлік орталығының Атырау филиалының директоры А.С.Залиев, «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы мамандары, сондай-ақ Атырау индустриалдық, Медицина, Атырау сервис, Энергетика-құрылыс, Бизнес-құқық, Агро және Музыка колледждерінің оқытушылары қатысты.
Конференцияның мақсаты колледжде модульдік технология арқылы оқытудың мәселелері, модульдік оқу бағдарламасын дайындау, тәжірибе алмасу, осы ретте оқытуда және әдістемелік жұмыстарында туындайтын қиыншылықтарды талқылауға арналды.









"HIGHFLYERS Community" © development 2019