Елбасы жолдауын талқылау салтанаты
29-31-қаңтар күндері Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назабаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын институттың оқытушы-профессорлары және студенттері арасында талқылауға арналған салтанатты жиын өтті.
Жиынды институт ректоры, профессор Ерсайын Уәлитханұлы ашып, «Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа арналған Жолдауы – ауқымды стратегиялық мәні бар құжат. Қазақ халқы өзінің туған жеріне иелік етіп, «Мәңгілік ел» болуы үшін, үлкен күреспен жеткен тәуелсіздігіне аса құрметпен қарауы керек. Президент Жолдауы ұлтымыздың ұлы мұрат жолындағы ерлігіне бас иіп, қазақ елінің елдігінің сақталуына кепілдік ететін жеті құндылыққа назар аударады. Береке мен бірлікке бастайтын бағдарлама талаптарын терең түсініп, іске айналдыру – барлығымызға ортақ міндет. Бұл – біздің азаматтық міндетіміз», – деді.
Жолдауды талқылау барысында саяси ғылымдарының докторы, профессор институттың ғылым, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректоры К.М.Жаулин «Мәңгілік ел – елдігіміздің ертеңі» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндама тақырыбы Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында көрсетілген 7 басымдық-бағыттарды талқылауға арналып, Жолдау аясында институттың атқарып жатқан игі істерін атап көрсетіп, ұжымның Жолдауды бір ауыздан қолдайтынын мәлімдеді.
Сондай-ақ институттың профессор-оқытушылары атынан педагогика ғылымдарының докторы, ғылым және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Ж.Б.Өмірбекова, химия ғылымдарының кандидаты, доцент, инженерлік-техникалық пәндер кафедрасының меңгерушісі А.А.Салина, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Экономикалық және кеден ісі пәндері кафедрасының меңгерушісі Ж.Б. Шаяхметова, Әлеуметтік, ізгілендіру және жаратылыстану пәндері кафедрасының доценті Г.Н.Сабирова, студенттер атынан Автоматтандыру және басқару мамандығының 3 курс студенті Ш.Қаржаубаева, Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандығы 3-курс студенті Г.Наримановалар жарыссыөзге қатысып, Жолдауға қатысты оң пікірлерін білдірді.
Баспасөз қызметі









"HIGHFLYERS Community" © development 2019