1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күні!

DSC07448.JPG
DSC07439.JPG
DSC07435.JPG

2016 жылдың 30 қараша күні Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының мәжіліс залында, «Математика және жалпы білім беру пәндері» кафедрасының ұйымдастыруымен «1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күні» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Семинардың ашылуында институттың  Ғылым, тәрбие және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор, К.М. Жаулин сөйлеп, қатысушыларға сөз кезегін берді.

Аталған дөңгелек үстелде:

Инженерлік-техникалық факультет деканы,  п.ғ.д., профессор С.К. Касенов,

Экономикалық-гуманитарлық  факультет деканы,  ф-м.ғ.к., профессор Ғ.Т. Қабылхамитов ,  «Математика және жалпы білім беру пәндері» кафедрасының магистрі Г.К.Бозахаева, «Экономика» мамандығының 3-курс студенті А.Е. Утегенова,   «Құрылыс» мамандығының 1-курс студенті А.Н. Мизамов,  «Мұнай газ ісі» мамандығының студенті  М.Б. Сисембаевтар берілген тақырып аясында сөз сөйлеп, келелі мәселелерге тоқталып өтті.

Дөңгелек үстел соңын  институттың проректоры, с.ғ.д., профессор, К.М. Жаулин қорытындылап қатысушыларға өз алғысын білдірді.