Алиев Қайыржан Ізтелеуұлымен кездесу
2017 жылдың 6 қазанында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының мәжіліс залында Атырау облысының құрметті азаматы, өлкеміздің балық шаруашылығы тарихындағы аты аңызға айналған тұлға, бүгінгі ардагер Алиев Қайыржан Ізтелеуұлымен кездесу салтанаты өтті.
Кездесу барысында институт ректоры, ф-м.ғ.д. Ихсанов Ерсайын Уалитханұлы алғы сөз сөйлеп, Қайыржан Ізтелеуұлына Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының «ҚҰРМЕТТІ ПРОФЕССОРЫ» атағын беріп, профессор аттестатын табыстады.
Кездесу соңы ашық сұхбатқа жалғасты.









"HIGHFLYERS Community" © development 2019