Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік
2017 жылдың 14 желтоқсанында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» тақырыбында мерекелік жиын өтті.
Жиын ҚР Әнұранымен салтанатты түрде ашылып, институт ректоры ф.-м.ғ.д., профессор Ихсанов Ерсайын Уалитханұлы құттықтау сөз сөйледі.
Институт басшысының құттықтау сөзінен кейін, мерекелік шараның келесі кезегінде жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісіндегі жетістіктері үшін институттың профессорлар құрамы мен оқытушыларын Білім Министрінің Алғыс хатымен марапаттау рәсімі өтті.
Сондай-ақ, «Бейбітішілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің «ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН» медалімен «Информатика, автоматтандыру және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Байжасарова Калима Кабидетовна марапатталды.
Сонымен бірге атаулы шарада институт ұжымына Атырау инженерлік – гуманитарлық институтының Ғылым, халықаралық байланыстар және тәрбие ісі жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор Жаулин Киікбай Мыңбайұлы мерекелік құттықтау сөз арнады.
Салтанатты марапаттау рәсімі одан әрі мерекелік концертке ұласты.









"HIGHFLYERS Community" ©