Заманауи робототехника - 2017
2017 жылдың 7 желтоқсанында «Информатика, автоматтандыру және басқару» кафедрасының ұйымдастыруымен, институттық «Білім. Ғылым. Өндіріс» ғылыми-техникалық шығармашылық фестивалі аясында «Заманауи робототехника - 2017» тақырыбындағы конкурс өтті.
Конкурстың ашылуында «Информатика, автоматтандыру және басқару» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Кубашева Динара алғы сөз сөйлеп, келесі сөз кезегінде баяндамашы, «Информатика» мамандығының 2-курс студенті Авдеев Константин «Робототехника біздің өмірімізде» тақырыбындағы өз баяндамасын ұсынды.
Конкурстың жүру барысы мынадай кезеңдер бойынша өтті:
- Конкурсқа қатысушылардың жобаларын таныстыру рәсімі;
- Әділқазылардың бағалауы;
- Марапаттау.
Конкурстың әділ-қазы мүшелері мынадай құрамда бекітілді: Хасанова Ж.С. - п.ғ.д., профессор, Қуанов М.С. - г.ғ.к., Молдашева А.К. – э.ғ.к., Нуржанова Ш.С. – п.ғ.к., Кабылхамитов Ғ.Т. – ф.-м.ғ.к.. Әділ-қазы алқасы қатысушылар жобасын бағалай келе ортақ шешім қабылдап, марапаттау рәсімі мынадай ретте өтті:
| Ақшалай сыйлық | |
| Бақтығали Амандық | «Электрондық машина» жобасы |
| Муса Бекзат Елубаев Жәнібек Жақсығұлов Әділбек Самарханов Қуаныш | «Робот Валли» жобасы
|
| Жұмағұл Сұлтан | «Робот Трансформер» жобасы |
| ІІІ орын | |
| Утегенов Алтынбек | «3Д сканер» жобасы |
| ІІ орын | |
| Сүйіндікова Айназ | «Ақылды үй» жобасы |
| І орын | |
| Гатиятуллин Артур Цой Артур | «Робот Манипулятор» жобасы
|
Атаулы конкурсты «Информатика, автоматтандыру және басқару» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Нұржанова Шарбат Сағидоллақызы қорытындылап, қатысушыларға өз алғысын білдірді.









"HIGHFLYERS Community" ©