Тәрбие, ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор - Жаулин Киікбай Мыңбайұлы
Жаулин Киікбай Мыңбайұлы – саяси ғылымдарының докторы, профессор.
1983-1990 жж. Гурьев педагогикалық институтының Тарих-филология факультетінде Тарих және кұқық негіздері, 2000-2003 жж. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетінде заңгер мамандығы бойынша жоғары білім алған.
1997 жылы академик Манаш Қозыбаевтың жетекшілігімен «Батыс Қазақстандағы шаруа қожалықтарын ұжымдастыру және 1932-1933 жылдардағы ашаршылық» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.
2009 жылы саяси ғылымдарының докторы, профессор Сайын Борбасовтың жетекшілігімен «Саяси тұрғыдан жаңару – Қазақстан Республикасы тұрақты дамуының шарты ретінде: политологиялық талдау» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.
1989-1994 жж. студенттер арасынан алғашқы Гурьев қалалық кеңесінің депутаты; 1994-1999 жж. Атырау қалалық маслихат депутаттығына баламалы депутат ретінде сайланып, Жастар ісі, ұлт, мәдениет, халыққа білім беру және тарихи мұра жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болды.
1998 жылы Жоғарғы аттестациялық комиссияның шешімімен доцент;
2011 жылы Жоғарғы аттестациялық комиссияның шешімімен профессор атағы берілген.
Қазақстан мұнайының 100 жылдығы мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хаты», "Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапатталған.
Халықаралық және республикалық басылымдарда 100-ге тарта ғылыми мақалалары мен 4 монографиялық еңбегі, 2 оқу-әдістемелік құралдары жарық көрді.
Білім, ғылым және мемлекеттік қызмет орындарында еңбек етіп келеді.









"HIGHFLYERS Community" © development 2019