Наурыз мейрамы құтты болсын!

Наурыз мейрамы құтты болсын!

Құрметті профессор-оқытушылар және студенттер,барша ұжым мүшелері!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – жылдың басы, күн мен түннің теңелер шағы. Тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің,тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке.

Наурыз мейрамын жыл сайын атап өту Атырау инженерлік- гуманитарлық институтында да жақсы дәстүрге айналып отыр. Наурызмейрамы институтта кеңінен аталып, ұлттың рухын көтеретін игі шаралар өтіп келеді. Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Әз – Наурыз жас ұрпаққа сапалы білім мен тәлімді тәрбие беру жолында қажырлы еңбектеріңізге шығармашылық табыстар әкелсін, қадірлі әріптестер.

Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң жеке өмірлеріңізге шат көңіл, бақыт және береке сыйласын, құрметті студенттер!

Атырау инженерлік-гуманитарлық
институтының ректоры,
Қазақстан ҰҒА корреспондент-мүшесі                   Е.У.Ихсанов.