«Рухани жаңғыру» орталығы

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Рухани  жаңғыру» орталығы 2017 жылы ашылды. Содан бері орталық  Тұңғыш Президент, Елбасы ұсынған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша көптеген іс-шараларды  атқарып келеді.

Қазір орталыққа Қазақстан Журналистер Одағы мүшесі,Қр Ақпарат саласының үздігі, Қазақстанның Құрметті журналисі Ермек Аққалиұлы Биғали жетекшілік етеді.

Рухани жаңғыру  бойынша Елбасы Н.Назарбаевтың  осыдан екі жыл бұрын ұсынған тұжырымдамалық бағдарламасы  бүгінде институтымызда Қазақстанның үшінші жаңғыруы ойдағыдай  жүзеге асуда.

Бұған  дейін еліміз жаңа тәуелсіз мемлекетті құрды,одан кейін  2004 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстан аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштер  мен нысандарды жаңарты. Сөйтіп, Бірінші жаңғыруды жүзеге асырды. 

Содан кейін «Қазақстан–2030» Стратегиясын қабылдады және Астананы салды. Нәтижесінде еліміз әлемнің дамыған 50 елінің қатарына кірді.  2013 жылы «Халық-тарих толқынында» бағдарламасы арқылы әлемнің ең белді архивтерінен өз тарихымызға қатысты құжаттарды жинап ,зерттедік.Бұл Екінші жаңғырудың нәтижелері  еді.

Қазақстан қазір жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізуге бағытталған еліміздің Үшінші жаңғыруын іске асыруға кіріскені баршаға белгілі. Оның басты мақсаты – Ұлт жоспарын орындау аясында әлемнің ең озық 30 елінің қатарына кіру болып табылады. Елбасы   қойған басты мақсат : Елімізді мықты әрі жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт ету және бұқаралық сананы өзгерту.    

Қазақстан Республикасының  тұңғыш президенті,Елбасы Н.Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары  бойынша Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында 2018-2022 жылдарға арналған  жоспары мен паспорты жасақталып,біршама іс-шаралар жүзеге асып келеді. Атап айтсақ,  «Рухани жаңғыру» орталығының және Қазақстан халқы Ассамблеясының екі бөлек үлкен бөлмесін жасақтап, аштық. Онда студенттердің Елбасы еңбегі мен ұлттық ұлы мұраттарымыз туралы танысуларына   жақсы жағдай жасалады. 

Институтымызда осы бағдарлама  бойынша республикалық,облыстық ғылыми жобалар  байқауына оқытушылар мен студенттер қатымуына жағдай жасап келеміз. 

 «Рухани жаңғыру»  және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары  аясында биыл институтта 7 конференция,басқа да іс-шаралар өткізілді.    Бұл ғылыми-тәжірибелік конференцияларға студенттер белсене қатысуы қамтамасыз етілді.  Атап айтқанда, «Жастар-Қазақстанның интелектуальды болашағы» атты ғылыми-практикалық конференция жұмысы  4 секция бойынша жұмыс жасады. 

Онда   «Жастар-Қазақстанның иновациялық-технологиялық  жаңғыруының негізі», «Рухани жаңғыру- заманауи қоғам  дамуының іргетасы», «Қазақстанның киелі,көрікті жерлері оның жас ұрпақ  тәрбиесіндегі маңызы», «Қоғамдық сананы жаңғырту контексіндегі гуманитарлық ғылымдар  мәселелері» тақырыптары кең көлемде талданды.

«Тіл тағдыры-ел тағдыры» тақырыбындағы  конференциядан бастау алған тіл айлығы институтта  үлкен шараларға ұласты. Осы тақырыпта профессор,Жазушылар одағы мүшесі   Н,Сейітовпен кездесу , «Тілім менің-тірлігімнің тірегі» , «Мен латын тілін қалай меңгеріп жүрмін ?»тақырыбында диктантар ,суреттер байқауы,  «Үш тұғырлы тіл қалай іске асуда?» эсселер конкурсы сәтті өтті.70-тен аса эссе мен суреттер конкурс алқасына түсті.

«Ұлттың  ұлы тұлғалары» тақырыбында  кемеңгер ақын,философ,ақыл-ойдың алыбы  Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы, «Жаңа гуманитарлық білім: Қазақ тіліндегі 100 жаңа  оқулық» жобасы аясында конференцияда талқыланды. 

«Рухани жаңғыру»  аясында «Діни сауатсыздық-діни  экстремизмнің бастауы» тақырыбында  дін мамандарымен кездесу кеші өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын   жүзеге асыру мақсатында институтта 3 рет сауалнама, 6 семинар-тренинг  өтіп, 6 мақала республикалық «Ана тілі», «Сахара», «Алтын сақа», облыстық «Атырау»  газеттерінде жарық көрді.

«Қазақстанның  100 жаңа есімі»  арнайы жобасы қоғамдық сананы  жаңғырту бағдарламасының аясындағы іске асырылатын ең танымды және беделді жобалардың бірі. Оның үшінші  кезеңіне институтымыздың ғылыми-зерттеу саласы мен шығармашылық жұмыстардағы жақсы жетістіктері бар жас  оқытушылары,магистрлер Г.Нүрпейіс, А.Түгелбаева, Ә.Ығылова, А.Хасанова қатысуда.

—————————————————————————————————

«Рухани   жаңғыру» орталығы  директоры – Ермек Аққалиұлы  Биғали.

Ол – Қазақстан Журналистер Одағы мүшесі,Қазақстан Республикасы Ақпарат саласының үздігі, Қазақстанның Құрметті журналисі. 

Ермек Аққалиұлы Биғали    Қазақ Мемлекеттік ұлттық университетін Журналистика мамандығы бойынша бітірген. Атырау мемлекеттік педагогика институтында тарих-филология факультетінде оқыған. Ресей Федерациясы  Мәдениет министрлігінің кино-фото өнері университетін дистанциялық негізде бітірген.

Ұзақ жылдар баспасөз саласында тілшіліктен бас редактордың бірінші орынбасарына  дейін өсті. «Атырау-Ақпарат» медиа холдингінде өндіріс бөлімі басшысы-баспахана директоры, стратегиялық бағдарлау және мониторинг бөлімі басшысы,бас директордың кеңесшісі лауазымдарындағы  жұмыстарды абыройлы атқарған.