Қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың техникалық хатшыларына арналған нұсқаулық

1. Дайындау
1.1. Техникалық хатшы Google Disk жүйесінде папка ашады
1.2 Деканға және проректорға қарап шығу мүмкіндігін жасайды (сілтемені поштаға жібереді)
1.3 ZOOM жүйесінде уақыты, идентификаторы мен парольін көрсете отырып конференция ұйымдастырады.
1.4 Студенттерге байланысты бекіту және тарату үшін мамандықтарға арналған тапсыру кестесін жасайды.
1.5 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау және кешенді емтиханды тапсыру кестесін қалыптастырады.
1.6 Студенттерге кестені жібереді, Google Disk жүктейді
1.7 Google формасын күн сайын ашып, студенттің А.Ж.Т. толтырады
1.8 МАК мүшелері үшін күн сайын тізімдеменің баспа нысанын дайындайды. Кешенді емтиханды және дипломдық жұмысты (жобаны) қорғағаннан кейін тізімдемені басып шығарып, толтырып, сканерлеп және папкаға жинақтайды.

2. Студенттермен жұмыс
2.1 Проблемалары бар студенттермен жұмыс істеп, қоңырау шалып, 11.05.2020 дейін Google кестесіндегі мәртебесін толтыруы тиіс.
2.2 МАК студенттері мен мүшелерімен күн сайын WhatsAPP чат жасайды. Чатқа дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау және кекшенді емтиханды тапсыру кестесін жібереді.
2.3 Студенттерге және МАК мүшелеріне балдық-рейтингтік бағалау жүйесі бойынша ақпарат жібереді. Бағаларды толтыру үшін баспа нысанын жібереді. Баға толтыру үшін Google формасына сілтеме жібереді. Студенттердің бағаларымен Google нысанын толтыру бойынша нұсқаулық жүргізеді.

3. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау рәсімін ұйымдастыру)

Дайындық кезеңі
3.1 Дипломдық жұмыстың (жобаның) Платонус немесе Moodle жүйесіне жүктелуін тексереді.
3.2 Алдын ала қорғау хаттамасын дайындайды.
3.3 Антиплагиатқа анықтаманың болуын тексереді.
3.4 Ресімдеу ережелерінің сақталуын тексереді.
3.5 Дипломдық жұмысқа пікір мен рецензиянының жазылуын тексереді.
3.6 Жиынтық ведомості толтырады
3.7 Онлайн нұсқаулық өткізеді.
3.8 Қорғау күніне дейін студенттер мен АК мүшелерімен байланысты тексеред.і

4. Қорғау күні
4.1 Қосылу сілтемесін 30 минут ішінде АК мүшелеріне, студенттерге уақыты көрсетілген жібереді.
4.2 ZOOM жүйесін қосады, байланысты тексереді, АК мүшелері мен студенттерді қосады
4.3 Тізім бойынша 1 – ші студенттің аты-жөні, қалғандары дыбыс пен бейнені өшіреді.
4.4 Әр студентке 15 минут қорғау уақытының берілуін қадағалап отырады.
4.5 Диплом жобасының (жұмысының) өткізілу барысын ZOOM жүйесінде жазылуын қадағалап отырады.
4.6 “Коронавирусты инфекцияның COVID -19 пандемиясы кезеңінде Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарға” сәйкес дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау процедурасын ұйымдастырады.
4.7 Қорытындыларды талқылауды, бағалауды ұйымдастырады
4.8 Google Forms-те кестеде қалыптастырылған файлды ашады
4.9 Кестедегі нәтижелерді экранға шығарады
4.10 Қағаз тізімдемесін толтырады, фотосуретті Whats APP бойынша МАК төрағасына жібереді
4.11 Студенттерді дипломдық жұмыстың (жобаның) қорғау нәтижелерін жариялайды
4.12 Конференцияны аяқтайды. Студенттің аты-жөні көрсетілген жазбаны тексереді.
4.13 Google Disk-ға сканерленген ведомостіні жүктейді.

1. Кешенді емтихан тапсыру рәсімін ұйымдастыру
1. Дайындық кезеңі
1.1 Техникалық хатшы кешенді емтихан тапсыру рәсімдерінің Онлайн Нұсқаулық қадағалап тоыруы тиіс
1.2 Техникалық хатшы АК мүшелерін ZOOM жүйесіне қосады, байланысты тексереді

2.Кешенді емтихан тапсыру рәсімі
2.1 АК мүшелеріне, студенттерге уақытын көрсете отырып, 30 минут ішінде қосылу сілтемесін жіберуі тиіс
2.2 ZOOM жүйесін қосып. жазба қосылғанын тексереді
2.3 АК мүшелерінің ұсынстары мен ережелерді жариялап отырады.
2.4 Тізім бойынша 1 – ші студенттің аты-жөнін атап, қалғандарының дыбыс пен бейнені өшіруін талап етеді.
2.5 Әр студентке 15 минут берілетіндігін ескерте отырып, уақытты қадағалауы керек.
2.6 Студент билетті таңдайды (рандомайзер)
2.7 Техникалық хатшы экранда көрсетілген билетті ашады.
2.8 Студент өз сұрақтарын қағаз парағына жазады.
2.9 Техникалық хатшы таймерді орнатып, уақытты белгілейді
2.10 Студент15 минут ішінде қағаз парағына жазбаша жауап береді
2.11 Тағайындалған проктор студентті камера бойынша қадағалайды
2.12 Техникалық хатшы уақыттың аяқталуын жариялайды. Жауап беретін студенттің аты-жөнін атайды.
2.13 Техникалық хатшы тізім бойынша келесі студентті қосады. Жаңа студент кешенді емтиханды тапсыру рәсімінен өтеді.
2.14 Студент билеті бойынша ауызша жауап береді. ZOOM жүйесінде жазылун қадағалап отырады.
2.16 Студент билеті бойынша 10 минут ішінде ауызша жауабын береді
2.17 АК мүшелері қосымша сұрақтар қояды.
2.18 Студент қосымша сұрақтарға 5 минут ішінде жауап береді
2.19 Техникалық хатшы хаттаманы толтырады.
2.20 АК мүшелері Google Forms жүйесінде баға береді

3. Қорытындыларды талқылау, бағалау
3.1 Техникалық хатшы Google Forms жүйесінде кестеде қалыптастырылған файлды ашады.
3.2 Техникалық хатшы кестедегі нәтижелерді экранға шығарады.
3.3 АКмүшелері әр студент бойынша пікірлерін талқылайды, қорытынды баға шығарады
3.4 Техникалық хатшы қағаз тізімдемесін толтырады, WhatsAPP желісінде фотосын МАК төрағасына жібереді.
3.5 Техникалық хатшы барлық мемлекеттік емтиханға қатысқан студенттерді қосады.
3.6 АК мүшелері нәтижелерін жариялайды.
3.7 Техникалық хатшы конференцияны аяқтайды. Студенттің аты-жөні көрсетілген жазбаны тексереді.
3.8 Техникалық хатшы Google Disk-ға сканерлеп ведомосін жүктейді

Белгілер
КЕ-кешенді емтихан;
ТХ-техникалық хатшы;
АК-аттестаттау комиссиясы

Leave a Reply