Центр новых технологий

Жаңа ақпарттық технологиялар орталығы

Жаңа ақпарттық технологиялар орталығы оқу үдерісін жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларға негізделген қазіргі заманғы техникамен қамтамасыз ету, оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды тиімді де сапалы қолдану мақсатында Атырау инженерлік-гуманитарлық институты Жаңа ақпараттық технологиялар орталығы қызмет етеді.

Орталықтың жұмысының негізгі мақсаттары – оқу компьютер лабораторияларының оқу үдерісінің талабына сай жұмыс қалпында ұстау, жаңа бағдарламалармен қамтамасыз ету, электрондық оқулықтар, сайттар құруға атсалысу, «Platonus» бағдарламасын техникалық қамтамасыз ету және жұмыс жүйесін қадағалау, оқу үдерісіне керекті бағдарламалармен қамтамасыз ету, оқу үдерісін техникалық қамтамасыз ету, институтым оқытушы-профессорлар құрамын, студенттерді Интернет және корпоративтік электрондық почтамен байланыстыру, студенттердің ағымдық, аралық, қорытынды аттестаттау кезінде техникалық көмек көрсету.

Институтымызға керекті хабрландырулар, құттықтаулар, буклеттер, кітапшалар Алғыс хат және Грамттар, шақыру қағаздарын тағы басқа оқу үрдісіне керті матиралдар шығарамыз.

Институтымызда 4 компьютер класс, 1 лингафонды класс, института 80жуық компютерлер бар.

Барлық компьютерлік класстар ішкі желі арқылы интернет желісі толықтай қосылған.

Техникалық қауіпсіздік ережесі, оқу-әдістемелік стендтер жасалынып ілінген.

Оқытушылардың сабағынан өткізіуге ыңғайлы компьютерлік кластардың іші таза, жарық, яғни оқытушыға сабағын студенттерге жеткізуге толық мүмкіндік бар. Оқытушылар сабақтарында мультимедиалық құрылғыларды, жаңа компьютерлік технологияларды қолдануына орталықта толық жағдай жасалған.

         Әр оқу жылының басында компьютерлік кластардан компьютердің қосалқы құрылғылары мен істен шыққан клавиатура, тінтуірлердің орнына жаңасы алынып, ауыстырылуда.

Компьютерлік лабораториялар студенттер мен оқытушы профессорлар құрамының жұмыс жасауын, пайдалануын толықтай қамтамасыз ете алады.

Білім беруді ақпараттандырудың жаңа бағыты-дәріс сабақтарында интерактивті тақталарды қолдану болып табылады.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты осы 2013-2014 оқу жылынан бастап оқу үдерісін басқаруды ұйымдастыру автоматтандыру мақсатында Platonus (www.edu-atgu.kz) программасы іске қосылды. 

  Институттың компьютерлік, техникалық, ақпараттық базасының үздіксіз жүмыс жасауын қамтамасыз ету, бөлімдердің тапсырысы бойынша компьютерлік техниканың,  бағдарламалық-ақпараттық құралдарының уақытында жөнделуін, институт серверлер жұмыстарын үздіксіз жұмыс жасауын қадағалау.

Институт ішілік жергілікті желінің жұмысын ұйымдастыру, оқытушы-профессорлардың, бөлімдер мен компьютерлік сыныптардың интернетке шығуын ұйымдастыру, техникалық қызмет көрсету – құрал-жабдықтардың нормативтік-техникалық және пайдалану құжаттамаларымен сәйкес құрал-жабдықтардың үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Оқу үдерісіне қажетті алынған жаңа бағдарламаларды қондыру, жүргізу, вирусқа қарсы бағдарламаларды орнату, лицензиялық бағдарламалармен қамтамасыз ету, уақытында компьютерлік техникаларға талдау жасап, оларды жаңарту туралы ұсыныс беру және т.б..

Диагностика және жөндеу – бұзылғандарды қалпына келтіру және құрал-жабдықтардың ресурсын қалпына келтіру, сондай-ақ құрал-жабдықтардың  қуаттылығын ұлғайту бұл ретте құрал-жабдықтар істен шыққан жағдайда анықталған экономикалық мақсатқа сай шектелген номенклатураның құрамдық бөлігін ауыстыру немесе қалпына келтіру жүргізіледі.

Жедел қызмет көрсету – Тапсырыс берушінің тапсырыстары бойынша жедел шығуларды ұйымдастыру және ақпараттық жүйелермен, жүйелік БҚ және олардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатымен офистік қосымшалармен жұмыстар бойынша кеңестер көрсету.

Жаңа ақпарттық технологиялар орталығының директоры – Ибраш Саят Ибрашұлы

Бөлім құрамында инженер-техник, техникалық құралдар жөндеу механигі, желі инженері қызмет етеді. Қызметкерлердің барлығы да осы ақпараттық техникалар саласы бойынша мамандық бітіргендер.