Белгілі сазгер Алтынбек Қоразбаев – институттың «құрметті профессоры»
Мамырдың 19-ы күні талантты сазгер, белгілі әнші, Қазақ және Қырғыз Республикаларының Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев бір топ шәкірттерімен институт ұжымымен кездесіп, шығармашылық кеш өткізді.
Кездесуді институт ректоры, профессор Е.Ихсанов ашып, ел мақтанына айналған А.Қоразбаевқа Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының «Құрметті профессоры» атағын берді.
Сөз барысында әнші өзінің шығармашылық жолы туралы аз-кем әңгіме айтып, кезекті өнерге жолдады. А.Қоразбаевтың өзі орындаған «Ана туралы» әні тыңдарман көңілінен шықты.
Кеш барысында А.Қоразбаевтың шәкірттері С.Ибрагимов, Р.Уайыс пен ел ықыласына бөленіп жүрген «Меломен» тобы әуелете ән шырқап, әншінің ұлы Иман сері «Қаршыға» күйін тартып, Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының сахнасын асқаралы Алматы рухымен қауыштырғандай болды.
Ал, институт ұстаздары атынан аға оқытушы Б.Тұяқұлы және институт, колледж студенттері А.Қоразбаевтың әндерін нақышына келтіре орындады.
Кеш соңында студенттер Алтынбек ағаларына сұрақтарын қойып, еркін пікірлесті.



Community ©