Студенттеріміз-семинар белсенділері

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты
Студенттеріміз-семинар белсенділері
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Қазакстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен таяуда қаладағы «Белуга» қонақ үйінің конференция залында «Proдвигай себя» TEDx форматында семинар өтті. Семинар-тренингке Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының студенттері де белсене қатысты.
Тренингтің мақсаты – білім алушылардың заманауи технологияларды пайдалана отырып өзін-өзі ілгерілетуі мен танымалдық деңгейін арттыру бойынша нақты дағдыларды дамыту және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушылары мен жас көшбасшыларды дайындау, насихаттау. Аталмыш іс-шараға қатысқан АИГИ Жастар ісі жөніндегі комитеті төрайымы Д.Төлеуғали мен студенттер пікір-сайысқа қатысып, болашақта кәсіби маман ретінде өздеріне керекті бағыт-бағдарларды алды.

АИГИ Баспасөз қызметі.