«ТАЛАПКЕР-2020» ҒЫЛЫМДАҒЫ ЖЕТІСТІК – БАСТЫ НӘТИЖЕ Немесе, АИГИ профессоры Мұрат ЛИКАРОВТЫҢ өнегесі

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында ғылыми-зерттеулер мен оқу-тәрбие үрдістері базасында биылғы оқу жылы елдегі короновирус індетіне байланысты карантин жағдайы болса да қашықтан онлайн форматында жұмыс жасай отырып, айтарлықтай табысты болып келеді. Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріміз биылғы жылы білім мен ғылым саласында әртүрлі деңгейлердегі конкурстар мен байқауларға, олимпиадалық сайыстарға қатысты.Айтарлықтай нәтижелеріміз бар. Қазіргі карантин жағдайы күндерінде де олар үйлерінде қарап отырған жоқ, ғылыми іздену, зертеулермен айналысуда.

Таяуда Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының лобараториялық орталық директоры,профессор Мұрат ЛИКАРОВ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы және «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы бірлесіп қашықтан,онлайн форматында педагогтардың интеллектуалдық ой-өрісін, білім деңгейін тексеруі, өзін-өзі дамытуы үшін жағдай жасауы, білім беру жүйесін жетілдіруге белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыруы, ғылыми- инновациялық жұмыстарда кәсіби батылдығын және дербестігін дамытуды көздеген Республикалық байқауда Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім беру саласында кеңінен насихаттау мақсатындағы «Үздік ғылым кандидаты – 2020» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.Оған Бірінші дәрежелі диплом мен «Қазақстанның үздік ғылым кандидаты-2020» төсбелгісі табысталды. Үлкен өндірістік-педагогикалық тәжірибесі бар ғалым,ұстаз Мұрат ЛИКАРҰЛЫНЫҢ бүгінгі таңда ел экономикасына керекті мамандар дайындауда,жастарды ғылым жолына баулуда еңбектері атап айтуға тұрарлық.
Сондай-ақ биыл Республикалық үлкен байқаулардан Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының оқытушылары СҰЛТАНОВА Ғайни Төкенқызы «Жоғары оқу орнының үздік педагогы -2020», ал институттың шетел тілдері кафедрасы меңгерушісі. PhD докторы ҚАҚПАНБАЕВА Нұрайна Мелісқызы «Қазақстанның үздік ғылым кандидаты-2020» атанып, білім мен ғылым саласына қосқан елеулі еңбектері үшін лайықты марапаттарға ие болды. Ал жас оқытушы, магистр НИЗАМЕДЕНОВА Дана Исатайқызы «Қазақстанның үздік ғылым магистрі-2020» атанған еді.
Атап айту керек, ғылымға бет бұрған, әрдайым ізденісте жүретін студенттеріміз де баршылық. Биыл Алматыдағы Тұран университеті ұйымдастырған «Жоғары сынама» тақырыбында «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Халықаралық сырттай студенттік пәндік олимпиадада Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының студенттері Михаил Воронов жүлделі үшінші орын, Зинолла Нағымов екінші орын, Қуаныш Жаукашев екінші орын алып арнайы Дипломдармен марапатталды. Ал, Өркен Елемесов олимпиадаға белсенді қатысқаны үшін арнайы Сертификатқа ие болды.

Қаржы мамандығының 2 курс студенттері Алина Омарова мен Салтанат Қуанышбекова халықаралық «Ғылым және шығармашылық Қоғамы» ұйымдастырып өткізген «Бизнес жоспарлау» бағыты бойынша олимпиадада жүлделі үшінші орын алды.
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында өткен жылдан бері I-SEED «Иновациялар, әлеуметтік кәсіпкерлік және білім беру» бағдарламасы аясында семинар-сабақтары, тренингтері жиі өткізіліп келеді. Осындай кезекті семинар-тренинг «Жеке тұлғалық өсу. Әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері» тақырыбында өтіп, жеке тұлғалық қалыптасу мен әлеуметтік кәсіпкерліктің қыр-сыры мәселелеріне жан-жақты талдау жасалып, пікір сайыстар ұйымдастырылған еді. Қазір жазғы демалыстары кезінде біраз студенттер осы бағыттар бойынша тапсырмаға сәйкес ғылыми ізденісті істермен айналысуда.
Экономика факультетінің 4 курс студенті Диана Сапиева Ресей Федерациясы Жоғары білім және ғылым министрлігінің қолдауы мен Казань (Привольжский) федеральдық университеті ұйымдастырған Халықаралық «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ТЕЗИСТЕР-2020» байқауында «Қазақстан экономикасын дамытуда аймақтарды иновациялық жаһандандыру және әлеуметтік талдаудың актуальды проблемалары» конкурстық материаларының «Үздік ғылыми негіздемесі» номинациясы бойынша үздіктер қатарынан көрініп, 2 орын алып дипломмен марапатталып қайтуы да оның ғылыми ізденісінің,институт ұстаздарының ғылыми бағыт-бағдарлар беруінің үлкен жетістігі.
Аталмыш осы байқауға барлығы 79 ғылыми-зерттеу жобасы, оның ішінде 12 жобалық жұмыс шетелдік студенттерден түскен. Осы 79 жұмыстың ішінен 28 ғылыми жоба іріктеліп алынған. Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының экономика-гуманитарлық факультетінің аға оқытушысы, экономика магистрі Алтынай Төлегенқызы Түгелбаеваның ғылыми жетекшілігімен жұмыс істеген 4 курс студенті Диана Сапиева осы ғылыми жобалық зерттеу жұмысы сол іріктелген 28-дің ішінен үздік деп танылған еді.
Диана Сапиева биыл біздің АИГИ-дің экономика факультетін жақсы бітірді.Алда да ғылыми-іздену,зерттеу жұмыстармен де айналысуға ынта-ықыласын білдіріп отыр.
Жалпы АИГИ-де профессор-оқытушылардың және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына барлық жағдайлар бар. Қазір институтта 5 ғылым докторы,25 ғылым кандидаты,1 PhD докторы,4 академик пен ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,4 профессор,4 доцент, 50 магистр жұмыс жасайды.Бірнеше студент ғылыми жобалар бойынша ізденіп, зерттеулер жасап жүр.
Орал қаласында өткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне арналған V1 республикалық пікір-сайыс турнирінде 16 команда, яғни 32 студент ішінен «Гладиатор» пікір-сайысшылар клубының мүшелері – үш командаға біріккен 6 студентіміз Азамат Мизамов, Мадина Аймақова, Қамбар Ахметов, Жанаргүл Бақтыгерей және Болған Айтмұханова, Күнсұлу Базарбай АИГИ абыройын асқақтатты. Олар «Үздік делегация-Атырау!» атағын иеленіп,Алғыс хатпен марапатталып қайтқанын да айтпай кетуге болмайды.
Жалпы АИГИ –де ғылыми-ізденісті жобалар ойынша шаралар қазір онлайн форматында болса да табысты өтуде. Студенттер қашықтықтан оқу технологиясы бойынша білім алып қана қоймай, онлайн видео-конференцияларға, тренингтерге, семинарларға белсенді қатысады. Институтта өткен айларда өткізілген Ғылым апталығы шараларында онлайн видео-конференцияларда студенттер А.Базарбаев, Т.Тұрғанбаев, Ф.Нығметова және басқалар белсенді қатысып, баяндамалар жасады.

Бір сөзбен айтқанда, Атырау инженерлік-гуманитарлық нститутына оқуға келсеңіз ешқандай ұтылмайсыз! Мұнда білім алумен бірге ғылыммен шұғылдануға барлық мүмкіндік аласыз.
Бізде оқу ақысы да Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарындағыдан әлдеқайда төмен. Институт бүгінгі таңдағы елдегі қаржы-экономикалық қиын жағдайларды ескере отырып, жастардың білім алуларына қолжетімділік жағдай жасауда. Мүмкіндікті қалт жібермеңіз,талапкер жастар!
Оқуға талапкерлердің құжаттарын қабылдау жеңілдетіліп, автоматтандырылған онлайн режимінде қолжетімді.
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында Zoom арқылы ашық қолжетімділікпен Виртуалды қабылдау комиссиясы да құрылды.
АИГИ қабылдау комиссиясы талапкерлерге нақты уақыт режимінде
грантқа арналған конкурсты қоса алғанда, барлық мәселелер бойынша
кеңестер беруге дайын.
Бізбен байланыс: 8-775 267-39-88, 8-702-817-30-16,
8(7122)31-93-00, 31-68-52.
Бізге pk_aigi@mail.ru мен www.aigi@mail.ru және www.aigi.kz желілері арқылы да байланыса аласыздар.Келіңіздер күтеміз!

АИГИ Баспасөз қызметі