Құттықтаймыз!

     

         Құттықтаймыз!
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының Экономика- гуманитарлық факультетінің деканы, география ғылымдарының кандидаты,профессор Мағыпар Саламатұлы Қуановты , «Инженерлік,өңдеу және құрылыс салалары» кафедрасы меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты,профессор Мұрат Ликарұлы Ликаровты, «Информатика,автоматтандыру және басқару» кафедрасының аға оқытушысы,магистр Қалима Қабидетқызы Байжасарованы «BILIM –ORKENIETI» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының «ҮЗДІК ПЕДАГОГТАР» академиясының құрамына қабылданып,жұмыс тобына қосылуымен құттықтаймыз!

Аталған Академияда Қазақстан Республикасының білім саласында айтарлықтай жетістіктерге жеткен бетке ұстар ұлағатты ұстаздары мен үздік педаготары қатарында олардың білім мен ғылым саласының дамуына өз үлестерін қосуына тілектеспіз!

                                                                               Ректорат АИГИ.