«Ғылым таппай мақтанба…»

АИГИ: Ғылым күніне орай онлайн-конференция

Кемеңгер ақын,ойшыл Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба…» өлеңімен өз заманында жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді, кеңілі ойлы» адамдарға үміт артып, олардың жүрегін оятып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылдырды. Жастардың өнімді еңбек етуі, ғылым мен білімге ұмтылуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсету қасиеттеріне үндеуі бүгінгі күні де өз маңызын жойған жоқ. Сондықтан Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында 12 сәуір – “Қазақстанда Ғылым саласы қызметкерлерінің күніне орай « Қашықтан оқыту жағдайында студенттердің білім және ғылымға ынтасын арттыру» тақырыбында өткен онлайн-конференция білім алушыларды ғылымға кеңінен тартып, ғылыми-зерттеу потенциалын арттыру, IT технологияны дамытып, цифрлық трансформация саласындағы ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға арналды.

Конференцияны модерниратор болған институттың Ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының докторы Ақылбек Қабиұлы Ахметов ашып, жүргізіп отырды.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры,физика-математика ғылымдарының докторы,Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Ерсайын Уалиханұлы Ихсанов сөз сөйлеп, ғалымдар мен зерттеушілер,студенттер үшін бұл күннің маңызына тоқталды. «Дәл осы күні қазақ академигі, ғалым-геолог әрі Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев дүниеге келген. Қазіргі уақытта Қазақстанның ғылым саласында 22 мыңнан аса қызметкер жұмыс істейді. Қазақстанда ғылым саласының қалыптасуына 1946 жылы ҚР Ұлттық ғылым академиясы құрылуы негіз болды. Содан бері 75 жыл өтті. 2011 жылмен салыстырғанда “Scopus” деректер базасында қазақстандық ғалымдардың жарияланымдарының жалпы саны 34,5 есеге, ” Web of Science” деректер базасында – 59 есеге өсті. Соңғы бес жыл ішінде отандық ғалымдардың әрбір бесінші жарияланымы әлемнің ғылыми журналдарының топ-25%-ына енді. Бұл ретте соңғы жылдары ғылыми жарияланымдар авторларының саны 3 есеге өсті»,-деді ректор,профессор Е.У.Ихсанов.

Сондай-ақ ол Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында да білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарға қатысы мен жас ғалымдардың бірқатар жетістіктері туралы айтты.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты студенттері қазір онлайн жағдайларында әртүрлі деңгейлердегі ғылыми-практикалық форумдар мен конференцияларға белсенді қатысып келеді. Институт студенттері Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде 2021 жылдың 31 наурызында өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Жастардың цифрлық форумы YDF- 2020” («Youth Digital Forum») атты 2-ші Халықаралық студенттік ғылыми-практикалық онлайн-конференциясына жақсы ғылыми жобамен қатысты.

Аталған конференцияда «Экономика мен менеджменттегі цифрлық технологиялар» бағыты бойынша түскен 35 ғылыми жобалық жұмыстың ішінен АИГИ-ның 6В04103 «Есеп және аудит» білім бағдарламасының 2 курс студенті Тұяқбай Анар Болатқызы «Ұйым персоналының біліктілігін арттыру контексінде цифрлық технологияларды пайдалану бағыттары» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жобасы үздік деп танылды.Өткен жылы институттың 2 ғалымы доктор PhD қорғаса,2 оқытушымыз докторантурада оқуын аяқтап,диссертациясын қорғағалы отыр.Институтта «Жас ғалымдар» клубы да бар екенін ректор атап көрсетті.

«Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к.,профессор Мұрат ЛикарұлыЛикаров«Метрологическое обеспечение инновационных цифровых средств измерений, на нефтеперерабатывающем производстве» тақырыбында баяндады.

«Есеп және аудит» білім бағдараламасының 2 курс студенті,халықаралық студенттер форумының жүлдегері Анар Болатқызы Тұяқбай «Ұйым персоналының біліктілігін арттыру контексінде цифрлық технологияларды пайдалану бағыттары» тақырыбындағы зерттеуінің маңызы туралы айтты.

Ал институтта жаңа құрылған экологиялық зерттеулер лабораториясының жетекшісі Еркін Базарбаев «Экологический мониторинг– важный фактор предупреждения загрязнения окружающей среды» тақырыбында айтып,қашықтан білім беруде лобароториялық талдау материалдарының студентке қаншалықты маңызды екендігіне тоқталды.

«Рухани жаңғыру» орталығының директоры Ермек Аққалиұлы Биғали «Қоғамдық сананың жаңғыруы: Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту» тақырыбында баяндама жасап,Тұңғыш Президент Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасында қоғамдық сананың жаңғыруында қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту мен дамыту мәселелерін ғылыми тұрғыда негізі жасалып,оны жүзеге асыру жолдарын көрсеткенін,сол бойынша қазір не істеліп жатқанын айтты.

Онлайн-конференцияға институттың профессор-оқытушылары,бөлімдер қызметкерлері мен студенттер ұйымшылдықпен қатысты.

АИГИ Баспасөз қызметі.