ЖАҢА КІТАП: «Қашықтан оқытудың тиімділігін арттыру жолдары қандай?»

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты
ЖАҢА КІТАП :«Қашықтан оқытудың тиімділігін арттыру жолдары қандай?»
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында білім берудің біртұтас ақпараттық жүйесін құру арқылы қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша үздік тәжірибелермен бөлісу мақсатында «Қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде студенттердің білімін көтеру мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өткен болатын. Осы конференция материалдары жинақталып, институттың компьютерлік жаңа технологиялар және баспа орталығынан арнайы кітап етіп шығарылды.
Бүгінде Пандемия жағдайында қашықтан оқыту формасының тиімді жолын табу ең өзекті мәселе болып келеді. Әрі кәсіби білім беру формаларын да заман талабына сай тұрақты түрде жетілдіріп отыру қажеттігі маңызды. Институтта өткен халықаралық конференцияға Ресей Федерациясының, Болгария Республикасы мен Қазақстан қалаларының жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары ZOOM платформасымен онлайн бойынша қатысып, маңызды ұсыныс-тілектері мен ойларын айтқан болатын.
Кітапта Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ректоры физика-математика ғылымдарының докторы,Қазақстан Республикасы ҰҒА корреспондент-мүшесі Е.У. Ихсановтың «Сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс» , Москва мемлекеттік университетінің дифференциальды және жеке психология кафедрасы меңгерушісі, психология ғылымдары докторы, профессор Н.Л.Нагибинаның « Ақпараттарды әртүрлі жолмен өңдеу жайында студенттерге қашықтан білім беру технологиясын пайдалану» , Атырау инженерлік–гуманитарлық институтының проректоры, профессор. Ж.С.Хасанованың « ЖОО-да қашықтан білім беру технологиясының педагогикалық негіздері», Варна университетінің профессоры Н. Буюклиевтің (Болгария) «Сапалы білім беру – адамдарды жігерлендіру мен жалын отын жағу», Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің доценті, ф.-м.ғ.к. Б.Б.Сүлейменованың ( Ақтау, Қазақстан) «Білім беру мекемелерінде онлайн сабақтарды өткізу әдістері», мұнайшы,техника ғылымдарының кандидаты У. Сарсембаевтың (Ресей) «Жоғары білімді мамандарды сапалы даярлаудың басты тетігі»,Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің профессоры,педагогика ғылымдарының кандидаты А.Қ.Егенисованың (Қазақстан) «Мектеп мұғалімдерін білім беру жүйесінде инклюзивті оқытуға дайындау» тақырыптарындағы баяндамаларының толық нұсқалары кітапқа енгізілген.
Жаңа кітап институт профессор-оқытушылары мен студенттеріне,мектептер мен коллеждердің білім алушыларына оқу-әдістемелік құрал ретінде пайдалануларына болады. Кітаппен институттың Ғылым және халықаралық байланыстар бөлімінде танысып алуға болады.
АИГИ Баспасөз қызметі.