ЖАҢА КІТАПШАЛАРМЕН ТОЛЫҚТЫ

АИГИ: Адалдық алаңы-іс жүзінде

      Студент жастардың бойын әділдік және адалдық құндылықтарына тәрбиелеу мақсатында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «AIGI ADALDYQ ALANY» жобалық кеңсесі жұмысын жүргізуде. Тәрбиелік ықпалы үлкен осынау кеңсе жастардың бойында оңтайлы моральдық қасиеттерді нығайтуға, сонымен қатар парасаттылықка және адалдыққа тәрбиелеуге бағытталып отыр.

Институттың “Адалдық алаңында” әрбір білім алушы «Гуманитарлық білім: 100 жаңа оқулық» жобасы аясында дайындалып келген, өздеріне қажетті оқу-әдістемелік, заңдылық қағидаттары туралы оқулықтарды таба алады. Ал «Адалдық алаңының» Сатушысыз дүкенінен қажетті жазу-сызу құралдарын мен тауарларын алып, кассалық аппараттарды алмастыратын арнайы қорапқа алған заттың бағасына сәйкес ақшасын калдырады. Бұл студент жастардың сенім ахуалын құруға және өздерінің адалдықтарын
танытуға, “сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитеттің”калыптасуына да тікелей әсер етуде.

    Енді «АИГИ Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі тағы да жаңа бірнеше кітапшалармен толықты. Кітапшаларда Атырау инженерлік-гуманитарлық институты профессор- оқытушыларының және студенттерінің  Ар-намыс кодекстері,Корпоративтік мәдениеті ережелері, «Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты» мен “Адалдық алаңы”  туралы мәліметтер,«SANALY URPAQ» жобалық кеңсесінің кешенді жоспары мен «Гладиатор» дебат клубының белсенді студенттері туралы, Жоғары және орта-арнайы оқу орындарында сыбайлас жемқорлық тәукелдерін ішкі талдау өткізу бойынша Әдістемелік нұсқаулықтар,оқу орнында өткізілген іс-шаралар кешені туралы ақпараттар, адалдық туралы ұлы адамдар айтқан нақыл-ақыл сөздер,басқа да материалдар қамтылған.

     Кітапшаларды «Рухани жаңғыру»орталығы дайындап, институттың компьютерлік қызмет және ақпарат орталығында басып шығарды.

АИГИ Баспасөз қызметі.