СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫН КЕС!

Жаңа оқу жылы алдында

Алматыдағы «Сапа Менеджменті Орталығы» ZOOM платформасында онлайн форматында республика жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу, осы бір жең ұшынан жалғасқан «індеттің» алдын алу мақсатындағы іс-шаралардың стандарттарын енгізуге арналған бейне-конференция үстіміздегі жылғы 18 тамыз күні өткізді. Осынау бейне-конференцияға Атырау инженерлік-гуманитарлық институтынан қатысу мүмкіндігі туды

Білім ордаларында «ISO 37001 : 2016» стандартына сәйкес жемқорлыққа қарсы (СМПВ) менеджмент жүйесін дайындау және енгізу» тақырыбында өткен курс бағдарламасы бойынша «Сапа Менеджменті Орталығы» компаниясы директоры, QMS.IRCA жетекші аудиторы, РЕСВ сертификатты оқытушы Рамиля Мустафина сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың теориялық және практикалық стандарттары туралы жан-жақты әңгіме айтты. Сұрақтарға жауаптар берді.

Алдағы уақытта білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмаудың жолдарын кесуге арналған тақырыптық бағдарламалар курстарын компания онлайн негізінде жаңа оқу жылынан бастап тағы тегін өткізетін болады.

АИГИ Баспасөз қызметі.