Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл
Мақсаты – Қазақ интеллигенциясының белді өкілі, мемлекеттік және қоғамдық қайраткер, ұлт-азаттық қозғалысының өкілі, негізін салушы - Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығына байланысты, студенттермен пікірлесу. Қазақтың «Бес арысының» бірі - Ә.Бөкейхановтың ғұмырнамасынан тереңдете мағлұмат беру.
Семинар ашылуында институттың Ғылым және халықаралық байланыстар, тәрбие жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор Киікбай Мыңбайұлы Жаулин кіріспе сөз алып, өз сөзінде К.М. Жаулин, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың қысқаша өмірдерегіне тоқталып өтті:
«Құрметті әріптестер, студенттер! «Қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама, ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы – Әлихан Бөкейхановтың туғанына 150 жыл» атты семинарға қош келдіңіздер!
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов – көрнекті қоғам қайраткері, Ресейдің жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің депутаты, Ресейдің І Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, ІҮ мемлекеттік думаның мұсылман фракциясының Бюро мүшесі, Санкт-Петербор массоны, қазақтың ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда Автономиялық Үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым, ормантанушы, қоғамтанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі дарынды публицист. Ә.Н. Бөкейханов 1866 жылы 25 наурызда Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Қаратал ауылы. Ол қазақтың ақырғы ханының бірі Бөкейден тараған ұрпақтың төртінші буыны, Бөкей ханның шөпшегі.
Осынау стратегиялық мақсаттарға жету жолында ұлттық зиялы қауымға да, қарапайым бұқара халыққа да жақын идея ауадай қажет еді.
Әлихан Бөкейханов қазақтарды руға да, жүзге де жіктемейді, әлеуметтік мәртебесіне де, біліміне қарай да бөле-жармады. Осы орайда, ол ұсынған Алаш атауы ұлтты ұйыстыруға мұрындық болатын тамаша идея болып шықты. Бұл идеяны Әлихан Бөкейхан Алаш қозғалысы пайда болғанға дейін-ақ әрдайым айтып жүрген еді. Сонау 1910 жылдың өзінде – ақ «Қазақтар» деп аталатын тарихи очеркінде қазақтардың соғыс ұраны «Алаш деген мифтік тұлға» екенін атап өткен болатын.
1913 жылы жазған «Қазақтың тарихы» деп аталатын мақаласында «Алаш» атауына тереңірек тоқталып, «Алаш» атауының астарында «жетекші» деген мағына жатқанын айтады. «Жошы ханды халық «Алаша» деп атап кетті. Бұл «Алаштың – алаш жұртының басшысы» екенін білдіреді» деп жазады «Түрік баспасы» («Қазақ», 1913, №7).
1917 жылы қараша айында өткен Құрылтай жиналысының сайлауында қазақтардың басым көпшілігі «Үш жүз» партиясын емес, «Алаш» партиясын қолдады, сөйтіп «Алаш» партиясы 43 депутаттық мандатты иеленді.
Әлімхан Ермековтің және көптеген замандастарының естеліктеріне қарағанда, Әлихан өз заманының аса білімді де білгір, парасатты, терең ойлы, ірі қайраткері болған. Темір құрсау салынған біздің еліміздегі емес, шетел ғалымдары мен тарихшылары Әлихан Бөкейхановтың қайраткерлік және шығармашылық қызметін ертеден-ақ жан-жақты зерттеп, оны Шығыстың шын мәнісіндегі Ұлы тұлғасы деп танып, баға берген.»
Сонымен бірге «Алаш» ұғымының астарын, шығу төркіні жөнінде кеңінен баяндап, сөз кезегін баяндамашыларға берді.
Бірінші боп аға оқытушы, т.ғ.к., К.Б. Меңдігереев «Әлихан Бөкейханов – қоғам және мемлекет қайраткері» атты баяндама төңірегінде сөйлесе, екінші кезекте «Қанды ғасырдың – қыран ұлы» атты баяндамасын тыңдаушылар назарына, «Математика және жалпы білім беру пәндері" кафедрасының аға оқытушы, тарих ғылымдарының магистрі - Бозахаева Гүлфайрус Кенжеғалиқызы ұсынып:
«Биыл Әлихан Бөкейхановтың дүниеге келгеніне 150 жыл толады. Қазақ халқының қуанышына бұл мереке ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін болды. Ұлт үшін еңбек етіп, өмірін құрбан еткен бабамыздың тойына біз де өз үлесімізді қосайық деген ниетпен бүгін Атырау инженерлік-гуманитарлық институтта студенттермен бірлесіп Әлихан Бөкейханның тарихына көз жүгіртіп, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының негізін қалаушы, Алашорда автономиялы үкіметінің тұңғыш төрағасы сол кездегі Алаш зиялылары сияқты әр саланың білгірі, ресми түрде атайтын болсақ - ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға екендігін айтып, ортаға саламыз.
Ғұлама ғалым, ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.
Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,
Демейді қандай қазақ оны оң көзі.
Семей тұрсын, жеті облыс - бар қазақтан,
Талассыз жеке - дара тұр ғой өзі, – деп С.Торайғыров айтқандай, Әлихан Бөкейхан әрқашан да қазақ жүрегінде жеке дара тұлға болып қала бермек.» - деп, қорытындылады.
Оқытушылар баяндамасынан соң сөз кезегі студенттерге беріліп, "Алаш қозғалысының негізін қалаушы - Әлихан Бөкейхан" атты баяндамасымен "Қаржы мамандығының" 1-курс студенті - Екібаева Арайлым, «Шет тілі: екі шетел тілі» мамандығының 2- курс студенті - Таскалиева Камшат "Әлихан Бөкейханов - қазақтың тұңғыш кәсіби журналисті және жарқын публицисі" тақырыбында, «Шет тілі: екі шетел тілі» мамандығының 2-курс студенті - Жаңбырбайқызы Ақбөбек "Ұлт мүддесі үшін жанын қиған – Алаш алыбы", "Мұнай және газ ісі" мамандығының 2-курс студенті - Сыдық Тілектес “Әлихан Бөкейханның өскен ортасы мен саяси көзқарастарының қалыптастыру кезеңдері” тақырыбындағы ерекше баяндама жасап, презентациялады.
Семинар соңында Экономика-гуманитарлық факультетінің деканы, п.ғ.к., профессор Утепқалиев Серік Утепқалиұлы, «Математика және жалпы білім беру пәндері" кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.к., профессор Қабылхамитов Ғалымжан Тоғайбайұлы да өз пікірін білдіріп, студенттерге өз тарихымызда өшпес із қалдырған Әлихан Бөкейханов сияқты ұлтымыздың дарабоз азаматтары ұмытылмай, есте сақталу қажеттігін айтты. Институттың Ғылым және халықаралық байланыстар, тәрбие жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор Киікбай Мыңбайұлы Жаулин де семинардың жақсы дәрежеде өткендігі жөнінде сөз қозғап, семинарға қатысушы профессор-оқытушылар мен студенттерге өз ризашылығын білдірді.









"HIGHFLYERS Community" © development 2019