Ляззат Жиенқұлова- «БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГЫ»

«Рухани жаңғыру-2020»

Нұр-Сұлтан қаласынан Атырау инженерлік-гуманитарлық институтына тағы да бір қуанышты хабар келді.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы және «Bilim-orkenieti» Ұлттық иновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Білім беру саласының құрметті педагогы» атты республикалық байқауында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы, ғылым магистрі Ляззат Тілеуқызы ЖИЕНҚҰЛОВА жеңімпаз атанып, 1-дәрежелі Дипломмен марапатталды. Сондай-ақ Ляззат Тілеуқызының білім және ғылым саласының дамуына қосып келе жатқан елеулі еңбегі еленіп «Білім беру саласының құрметті педагогы» төсбелгі медалі мен куәлігі табысталды.

Ляззат Жиенқұлова – тәжірибелі педагог. Ол Атырау инженерлік–гуманитарлық институтында біраз жылдардан бері студенттерге жоғары кәсіби экономикалық-инженерлік білім мен рухани, саналы тәрбие беріп келеді. Қоғамдық шаралардың да белсендісі.

Марапат иесі Ляззат Тілеуқызын осынау Құрметті атағымен институт ректораты мен әріптестері атынан құттықтаймыз!

АИГИ Баспасөз қызметі.

4 thoughts on “Ляззат Жиенқұлова- «БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГЫ»”

  1. Pingback: sildenafil generic
  2. Pingback: best ed medication

Leave a Reply

Your email address will not be published.