АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Білім беру ұйымының атауы – «Атырау инженерлік-гуманитарлық институты» мекемесі
Меншік нысаны – жеке меншік
Құрылған жылы: 2001 жыл. (2001 жылғы 19 наурыздағы №3853-1915-У-е мемлекеттік тіркеу туралы куәлік).
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің бұйрығына сәйкес KZ57LAA00004704
Мемлекеттік лицензиясы берілді.
Институтта жүзеге асырылып жатқан 15 жоғары білім беру бағдарламасы мемлекеттік лицензияға қосымшалармен расталды:
6В041 Бизнес және басқару;
6В042 Құқықтану
6В061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
6В062 Телекоммуникация;
6В071 Инженерия және инженерлік іс;
6В072 Өндірістік және өңдеу салалары;
6В073 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша));
6В073 Сәулет және құрылыс;
6В017 Тіл және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау.
Студенттер контингенті.
2019-2020 оқу жылына 2092 адамды құрайды
Студенттер контингентін қалыптастыру үшін жыл сайын еңбек нарығымен өзара іс-қимыл жасау және білім беру бағдарламаларының еңбек нарығының қажеттіліктеріне бейімделіп мақсатты жұмыстар жүргізіледі.
Мемлекеттік аттестаттау және аккредиттеу. Институт 2005, 2010, 2015 жылдары лицензиялық талаптарға сәйкестігіне мемлекеттік аттестаттаудан өтті.
2018 жылы институт ARQA Тәуелсіз Агенттігінен Тіркеу №НЕ-IA-00005 5 жылға аккредиттеу және білім сапасын сараптау жөніндегі институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өтті және аккредиттелді. Институтта 10 Білім бағдарламасы аккредиттеуден өтті: 5В060200 Информатика, 5В070200 Автоматтандыру және басқару, 5В070800 Мұнай-газ ісі, 5В071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, 5В072900 Құрылыс, 5В073200 Стандарттау және сертификаттау, 5В011900 Шетел тілі: екі шет тілі, 5В030400 Кеден ісі, 5В050600 Экономика, 5В050900 Қаржы.
Материалдық-техникалық база.
Институттың материалық-техникалық базсының жағдайын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде:
– 2013 жылы 210 студент тұруға есептелген ауданы 1508 ш. м. болатын жатақхана пайдалануға берілді;
– 2015 жылы Атырау қаласы, Худин көшесі, 5а мекенжайы бойынша төрт қабатты оқу ғимраты пайдалануға берілді.;
– 2017 жылы Атырау қаласы, Худин көшесі, 6 мекенжайы бойынша бес қабатты ғимрат оқу үдерісіне пайдалануға берілді.

– 2015 жылы «Автоматика және есептеу техникасы негіздері», «Штангалық сорғы қондырғысының моделі», «Радиотехникалық тізбектер мен сигналдар», «Жылу алмастырғыштардың түрлі құрылымдарын сынау», «Сорғылардың әртүрлі типтерінің сипаттамаларын анықтау» оқу зертханалары сатып алынды;
– 2015 жылы жазғы сауықтыру лагері үшін жер учаскесі сатып алынды;
– 2015 жылы 5 мультимедиялық қондырғылармен жабдықталған кабинеттер ашылды;
– Әр білім беру бағдарламасы бойынша жабдықтар, аспаптар, оқу зертханалық стендтер, виртуалды зертханалар сатып алынды, робототехника бойынша зертхана жасақталды;
– 2017 жылы Атырау қаласы, Байжігітов көшесі, 64 мекенжайы бойынша № 3 оқу ғимратына күрделі жөндеу жүргізілді;
– 2017ж. Студенттер үйі және спорт кешені құрылысы үшін 1 га жер телімі сатып алынды.

Материалдық ресурстар көрсеткіштерінің картасы

Кітапхана қоры. Кітапхананың негізгі кітап қоры – 160359 дана, оның ішінде оқу және оқу-әдістемелік қоры – 98723 дана (жалпы қордың 61,6%), ғылыми әдебиет-61636 дана (жалпы қордың 38,4%). Оның ішінде мемлекеттік тілде – 114098 дана (жалпы қордың 71,2%), орыс тілінде – 23830 дана (жалпы қордың 14,8%); ағылшын тілінде – 22431 дана (жалпы қордың 14%).
Кадрлық құрам. ЖОО бойынша ПОҚ дәрежелілігі – 40,6% мына мамандықтар бойынша: 5В11900-Шетел тілі: екі шет тілі–40,6%; 5В030400-Кеден ісі–48,1%; 5В050600-Экономика–46,1%; 5В050900-Қаржы – 46,1%; 5В060200-Информатика – 35,6%; 5В070200-Автоматтандыру және басқару–40,8%; 5В070800-Мұнай–газ ісі-42,8%; 5В071900–Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар-35,6%; 5В072900–Құрылыс-35,6%; 5В073200–Стандарттау және 35,6%.

Жұмысқа орналастыру. Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының қызметінің маңызды сипаттамасының бірі – еңбек нарығындағы сұраныс және түлектерді жұмысқа орналастыру көрсеткіштері болып табылады.
2018 жылдың қорытындысы бойынша Институт Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тапсырысы бойынша «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (МДМ) мамандары жүргізген және электрондық еңбек биржасының сайтында жарияланған еліміздің ЖОО рейтингісінде 20 үздік жоғары оқу орындары қатарына кірді. 2015-2017 жылдары бітірген түлектердің нақты жұмысқа орналасуы туралы мәліметтерін негізге алына отырып, Республика жоға
25
ры оқу орындарының 20 көшбасшы тізімінде Атырау инженерлік-гуманитарлық институты 16-орынға орналасты.
Институт жұмыс берушілермен ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы шарттар жасау жолымен тұрақты байланыс орнатып, түлектерін жұмысқа орналастыруға үлкен көңіл бөдеді. Бұрын жасалған шарттарды ұзарту, байланыстар орнату және ынтымақтастық туралы жаңа шарттарға қол қою бойынша жұмыстар жалғасуда.
Бүгінгі таңда 86 мекемемен кәсіптік тәжірибе мен жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру туралы 137 келісімшартқа қол қойылды. Олардың ішінде, аймақтың ірі кәсіпорындары «Тенгизшевройл», North Caspian Operating Company N.V. (NCOC), «Ембімұнайгаз» АҚ, «КазНИГРИ», «Ембагеодезия» ЖШС, «АтырауМұнайӨнімдері» АҚ, «Каспий барлау геофизика институты» ЖШС АФ, «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ және т. б.
Білікті мамандарды даярлау сапасын жақсарту, оқу үдерісінің тәжірибелік бағытын күшейту, дуальдық оқыту ережелерін енгізу, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін өндіріске енгізу үшін кәсіпорындарда, ұйымдарда, банктерде 10 кафедра филиалы құрылды. Институт студенттері жыл сайын қалалық жұмыспен қамту орталығы ұйымдастыратын “Бос орындар жәрмеңкесіне” қатысады.
Соңғы 5 жылда институт түлектерін жұмысқа орналастырудың тұрақты көрсеткіштері 75-80 пайыз деңгейінде байқалады.

Институтта көптілді білім беру жобасы әзірленді. «Learn Real English” L.R. E»” («Нағыз ағылшын тілін оқы») инновациялық орталығы құрылды. Орталық жетекшісі – профессор Н. М. Какпанбаева. Деңгейлік технология бойынша (А1А2, В1В2, С1С2 1-ден 6 семестрге дейін) қазақ, ағылшын тілдерін оқыту бойынша жобалар іске асырылуда және одан әрі «Халықаралық стандартталған тіл курстары», «стандартталған Тілдік курстар», IELTS, TOEFL сияқты ілгері деңгей бағдарламалары бойынша екі семестр оқытылады.
«ENGLISH WITH IT» IT технологиясын қолдана отырып ағылшын тілі бойынша жұмыс жүзеге асырылуда. Ағылшын тілін оқу, жазу және тың Халықаралық дау практикасы, грамматика, лексика, ойындар бойынша кеңестер арқылы жақсарта мақсатында ағылшын және видео, ағылшын және әлеуметтік желілер, ағылшын және музыка сияқты оқытудың инновациялық әдістерін қолдану және IT технологиямен ағылшын тілін үйрену, жаңа әдістемелерді игеру бойынша іс-шаралар қарастырылған.
British Council «English for Success» жобасы бойынша институтың 15 оқытушысы ағылшын тілі деңгейін және пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістемесін меңгерген.
Оқу үрдісінде оқытудың инновациялық әдістерін қолдануды көрсететін мысалдар келесі кестеде көрсетілген.

Бірқатар оқытушылар студенттердің сын тұрғысынан ойлауын дамыту әдістері мен тәсілдерін табысты қолданады, олардың ішінде: «РАФТ», «Синквейн» тәсілдері, «Сараптамалық топтар» кіші топтарда жұмыс істеу.
Соңғы үш жылда электронды оқулықтарды,

5В070200 «Автоматтандыру және басқару» – Автоматты реттеудің сызықтық жүйелері
5В070800 «Мұнай газ ісі» – Техника және технология әдістерін арттыру

видеолекцияларды және бейнезертханалық сабақтарды қоса алғанда, электрондық басылымдардың 49 атауы құрылды. Пәндер бойынша дәріс курстары толығымен мультимедиялық сүйемелдеумен қамтамасыз етілген.
2013 жылдан бастап 2018 жылға дейін институт оқытушылары АИГИ электрондық кітапханасында өздері дайындаған қазақ және орыс тілдерінде 58 оқу және оқу-әдістемелік құралы және ОӘК 70-тен астам электрондық нұсқасы орналастырды.

Институт оқытушыларының республикадағы және шетелдегі басқа да жоғары білім беру мекемелерінде біліктілігін арттыруға көңіл бөлінеді.

Мамандарды даярлау бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары. Қазіргі уақытта институтта заманауи маманның жеке табыс ресурсын енгізу тәжірибесі кең тараған. Білім беру бағдарламалары оқытудың модульдік технологиясын қолдану арқылы жасалған. Пәнаралық модульдерді енгізумен студенттердің тұлғалық дамуына ықпал етіп, кәсіби құзыреттілікті қалыптастырады. Осындай оқыту арқылы болашақ маман белгілі бір іс-әрекет шеңберінен шығып, дербестендіру мүмкіндігін кеңейту және өзінің әлеуеті мен құзыреттілігін әлеуметтік растауды алу мүмкіндігіне ие болады. Осы талаптарды ескере отырып, институт 15 жаңа білім беру бағдарламасын әзірледі.

ҚР “Атамекен” Кәсіпкерлердің Ұлттық Палатасы өткізген республиканың жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингісінің нәтижелері бойынша Институт 5В050600-Экономика (4 орын), 5В073200-Құрылыс (4 орын), 5В070800-Мұнай-газ ісі (10 орын), 5В071900-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар (14 орын), 5В073200-Стандарттау, сертификаттау және метрология (16 орын), Автоматтандыру және басқару (20 орын) мамандықтары бойынша алдыңғы қатарда тұрғанын көрсетеді.
Тәрбие жұмысы. Институтта тәрбие жұмысы тек кәсіби ғана емес, сонымен қатар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әлеуметтік, оның ішінде түлектердің коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың бірыңғай біртұтас жүйесі дамыған. Білім алушыларды қолдау қызметі жастар бірлестіктері – жастар ісі жөніндегі комитет, студенттік өзін-өзі басқару арқылы жүзеге асырылады, оның құрамында мәдени-шығармашылық сектор, КВН командасы, спорт клубы, «Саналы ұрпақ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес клубы, «RAYofHOPE» волонтерлік орталығы, «Гладиатор» пікірталас клубы, «Дипломат» әдеби-танымдық үйірмесі, «Сырғалым» қыздар клубы, «Жасыл ел» студенттік жасағы, көркемөнерпаздар үйірмесі бар.
Жастар ісі жөніндегі комитеттің белсенділері түрлі ауқымды іс-шаралар өткізеді: қайырымдылық акциялар, дөңгелек үстелдер, патриоттық форумдар, конференциялар, акциялар, флэш-мобтар, концерттік бағдарламалар, спорттық ойындар, қоғамдық, саяси және мәдени қайраткерлермен кездесулер. Институт студенттері Қазақстан Студенттер Альянсының, Студенттік кәсіподақ комитетінің, “Нұр Отан” партиясы – “ЖасОтан”жастар қанатының мүшелері болып табылады. Дебаттық қозғалыс клубы, Студенттік Парламент, Шешендік шеберлік клубы дамыды.
Институтта Волонтерлік қозғалыстың 3 жасағы құрылған:
1. Әлеуметтік еріктілер (қарт адамдарға, жалғыз басты адамдарға көмек) – 35 студент қамтылды;
2. Мәдени волонтерлік (ағылшын тілін оқыту, IT-технологиялар, робототехника) – 28 студент қамтылды;
3. Экологиялық еріктілік (қоршаған ортаны сақтауға, экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған қызмет) – 232 студент қамтылды.
Институт жанынан құрылған “Рухани жаңғыру” орталығында 6 жоба жүзеге асырылуда:
1. Қазақ тілін латын әліпбиіне ауыстыру мәселелері
2. “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” – қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша
3. Туған өлкенің тарихын зерттеу және “Туған жер” бағдарламасын жүйелі іске асыру арқылы патриотизмді одан әрі дамыту
4. “Қазақстанның рухани әулиелері” немесе “Қазақстанның киелі географиясы” жобасы
5. “Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет” жобасы»
6. Біздің замандастарымыздың тарихына қоғамның назарын аударатын – “Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы ” жобасы.
“Кітап әлемі – рухани жаңғыру бастамасы” атты студенттік клуб жұмыс істейді. Институттың “Рухани жаңғыру” орталығының жұмыс жоспары аясында форумдар, танымдық байқаулар мен фестивальдар, жас ғалымдар арасында ғылыми жобалар конкурстары, экспедициялар, кездесулер және т.б. іс-шаралар өткізіледі. Институттың жас ғалымдары бірнеше республикалық үздік ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары болып табылады.

«ТАЛАПКЕР-2020» ҒЫЛЫМДАҒЫ ЖЕТІСТІК – БАСТЫ НӘТИЖЕ Немесе, АИГИ профессоры Мұрат ЛИКАРОВТЫҢ өнегесі

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында ғылыми-зерттеулер мен оқу-тәрбие үрдістері базасында биылғы оқу жылы елдегі короновирус індетіне байланысты карантин жағдайы болса да қашықтан онлайн форматында жұмыс жасай отырып, айтарлықтай табысты болып келеді. Профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріміз биылғы жылы білім мен ғылым саласында әртүрлі деңгейлердегі конкурстар мен байқауларға, олимпиадалық сайыстарға қатысты.Айтарлықтай нәтижелеріміз бар. Қазіргі карантин жағдайы күндерінде де олар үйлерінде қарап отырған жоқ, ғылыми іздену, зертеулермен айналысуда. Read More …

Виртуалды қабылдау комиссиясы

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында Zoom арқылы ашық қолжетімділікпен Виртуалды қабылдау комиссиясы құрылды. Read More …