АИГИ институтының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты енгізудің мақсаты мен міндеттері
1.1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңына және ҚР БҒМ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жоғары оқу орындарымен алдын алу шараларын әзірлеу мен қабылдау бойынша әдістемелік ұсынымдарына» сәйкес әзірленді.
• Осы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат «Атырау инженерлік-гуманитарлық институты» (бұдан әрі – АИГИ) қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жолын кесу және алдын алуға бағытталған нормативтік құжаты болып табылады.
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – АИГИ-дің қызметіне қоғамның сенімін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайтуға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастыру шаралары.
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты АИГИ –де енгізудің негізгі мақсаттары:
• сыбайлас жемқорлық әрекетіне жоғары оқу орнының араласу тәуекелін азайту;
• сыбайлас жемқорлықтың кез-келген түрлері мен көріністері туралы АИГИ қызметкерлерінің атқаратын лауазымына қарамастан біркелкі түсіну саясатын қалыптастыру;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы АИГИ қолданатын Қазақстан Республикасының негізгі заңнама талаптарын түсіндіру және қорыту;
• алға қойған мақсаттарға жету үшін АИГИ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың келесі міндеттері бекітіледі:
• АИГИ қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы негізгі қағидаларын белгілеу;
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға жауапты АИГИ лауазымды тұлғаларын анықтау;
• АИГИ сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүзеге асырылған шаралар, стандарттар мен рәсімдердің тізбесі мен олардың орындалу тәртібін белгілеу;
• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат талаптарын сақтамағаны үшін АИГИ қызметкерлерінің жауапкершілігін бекіту.
- АИГИ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің негізгі қағидалары
2.1. АИГИ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар жүйесі келесі қағидаларға негізделеді:
1) Қолданыстағы заңнама мен жалпы қабылданған нормаларға АИГИ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының сәйкестік қағидасы: жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» ҚР Заңын және Жоғары оқу орындары қолданатын өзге де нормативті актілер.
2) АИГИ басшылығының жеке үлгісінің қағидасы: АИГИ басшылығы өздері үлгі көрсете отырып, сыбайлас жемқорлықтың барлық деңгейі мен кез келген түрлеріне ымырасыз қатынастың этикалық стандартын қалыптастыруы тиіс.
3) ПОҚ мен қызметкерлерінің қатысу қағидасы: сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен рәсімдерді жүзеге асыру мен қалыптастыруда ПОҚ мен қызметкерлерінің лауазымдарына қарамай белсенді қатысу.
4) Нөлдік төзімділік қағидасы: АИГИ-де сыбайлас жемқорлықтың кез келген түрлері мен көріністерін болдырмау.
5) Тәуекелдерді кезеңдік бағалау қағидаттары: АИГИ-де кезеңдік негізде,сондай-ақ тұтастай алғанда және оның жекелеген бөлімшелерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалау және анықтау жүзеге асырылады.
6) Ашықтық қағидаты: АИГИ-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жүргізілгендігі туралы хабарлау.
7) Жауаптылық және жазаның қолданылмай қалмайтындық қағидаты: еңбек міндеттерін орындау кезінде олардың тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық болған жағдайда, атқаратын лауазымына, еңбек өтіліне қарамастан АИГИ қызметкерлері үшін жазаның қолданылмай қалмайтындығы; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруда басшылықтың жауапкершілігі. - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға жауапты тұлға
3.1. АИГИ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған барлық шараларды ұйымдастыруға жауапты тұлға АИГИ ректорының бұйрығымен тағайындалады.
3.2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға жауапты тұлғаның негізгі міндеттері:
• АИГИ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін ұсыныстар дайындау;
• АИГИ-де сыбайлас жемқорлықтың туындау тәуекелін туғызатын себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған ұсыныстарды дайындау;
• сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыруға бағытталған нормативті актілердің жобасын әзірлеу және АИГИ Ғылыми кеңесіне бекітуге ұсыну;
• АИГИ қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтауға бағытталған шараларды жүргізу;
• сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бағалау жүргізуді ұйымдастыру;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен оның алдын алу мәселелері бойынша оқыту шараларын ұйымдастыру;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен оның алдын алу мәселелері бойынша АИГИ қызметіне инспекциялық тексеру жүргізу кезінде құқық қорғау органдары мен бақылау-қадағалаудың уәкілетті өкілдеріне көмек көрсету;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихатты ұйымдастыруға қатысу;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс нәтижелерін бағалауды жүргізу және тиісті есеп материалдарын дайындау. - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру мен алдын алуға байланысты АИГИ қызметкерлерінің атқаратын міндеттері:
АИГИ-дің барлық қызметкерлері лауазымы мен еңбек өтіліне қарамастан өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауына байланысты атқаратын міндеттері:
• осы Саясаттың ережелерін басшылыққа алуға және оның қағидалары мен талаптарын бұлжытпай сақтауға;
• сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты жасауға қатысуға немесе жасауға дайын болуы мүмкін деген пікірден аулақ болуға. - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар:
5.1. АИГИ-дің осы Саясатына қосымша ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың өткізілетін мерзімі мен жауапты орындаушылары көрсетілген Жоспар жыл сайын бекітіледі.
5.2. АИГИ қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіп стандарттарын енгізу мақсатында қызметкерлердің адал этикасын қалыптастыруға бағытталған және іскерлік қатынастар этикасына қатысты қызметкерлердің тәртіп қағидалары мен жалпы ережесі бекітіледі.
АИГИ ректорымен бекітілген жалпы ережелер мен тәртіп қағидалары АИГИ педагогикалық қызметкерлерінің қызметтік тәртібі пен Этика Кодексінде бекітілген.
5.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бір элементі сыбайлас жемқорлық саясатын бағалау болып табылады. Сыбайлас жемқорлық саясатын бағалау мақсаты – жеке пайда табу мақсатында АИГИ қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жоғары тәуекелін жүзеге асыру кезінде АИГИ қызметінде нақты амалдарды анықтау болып табылады.
5.4. АИГИ -де қызметкерлер келесі тақырыптар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы және алдын алу мәселелері бойынша оқытылуы тиіс:
• сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін заңды жауапкершілік;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша АИГИ-дің ішкі құжаттарымен, заңнама талаптарымен және оны АИГИ қызметінде қолдану тәртіптерімен танысу;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы және оның алдын алу мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен өзара әрекеті.
5.5. АИГИ -де ішкі бақылаудың жүзеге асуы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алуға және анықтауға ықпал етеді. Бұл ретте АИГИ-дің жергілікті нормативті актілері мен нормативті құқықтық акті талаптарына АИГИ қызметінің сәйкестігін қамтамасыз ету ретінде ішкі бақылау және аудит жүйе міндеттерін жүзеге асыруды ұсынады.
5.6. АИГИ серіктестермен өзара әрекеті кезінде жоғары оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жүргізу стандарттарын қабылдау туралы, соның ішінде келісімшартта сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтаудың белгілі бір ережелерін қосу мүмкіндігін хабарлайды.
АИГИ ұжымдық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларға қатысатын, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жеке шараларды жүзеге асыратын, бизнес жүргізу кезінде жоғары этикалық стандарттарға қолдау көрсететін, өз беделіне қамқорлықпен қарайтын, іскерлік қарым-қатынасты адал және әділ мәнерде жүргізетін серіктестермен іскерлік қарым-қатынастарды орнатуға және сақтауға ұмтылады.
5.7. АИГИ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды енгізу дәрежесі мен жүзеге асыруда жеткен жетістіктер туралы қоғамды, соның ішінде Интернет желісінің ресми сайтында тиісті мәліметтерді орналастыру арқылы ақпараттындыруды жүзеге асырады. - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты сақтау жауапкершілігі
6.1. АИГИ және оның барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасының қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтауы тиіс.
6.2. АИГИ барлық қызметкерлері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген осы Саясат талаптары мен қағидаларын сақтауға жауапты болады.
6.3. Осы Саясат талаптарын бұзған тұлғалар тәртіптік, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Институттың Тәртіптік кеңесі
Атырау инженерлік-гуманитарлық институты Тәртіптік кеңесінің негізгі мақсаты:
АИГИ қызметкерлері мен студенттерінің ҚР заңнамаларын, институттың ішкі корпоративтік мәдениеті мен ар-намыс кодекстері тәртібі ережелерін сақтауды, сондай-ақ жауапкершілік пен тәртіптік ықпал ету шараларын және сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын алу мен күресудің ықпалды шараларын қолдану және басқа да еңбек пен оқу-өндірістік тәртіптік жағдайлар туралы істерді қарауды қамтамасыз ету болып табылады.
АИГИ Тәртіптік комиссиясының негізгі міндеттері:
- Институт қызметкерлерімен жіберілген заңдар мен ішкі тәртіпті бұзушылықтар туралы істерді қарап,жан-жақты, толық, әділ және уақытында шешу.
- Шығарылған шешімнің орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ заң бұзушылықты жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау.
- Институттың ішкі тәртіп ережелерін сақтауды бақылау.
- Тәртіптік комиссиямен бекітілген өкілеттік шараны, сонымен қатар лауазымдық міндеттердің осы ережесінің 2.1-тармағында айқындалған тұлғалармен орындауды қамтамасыз ететін тәртіптік ықпалды шара қабылдау.
АИГИ Тәртіптік комиссиясы функциялды қызметі: - Сыбайлас жемқорлық жағдайлары орын алғанда комиссия құрамымен құқық бұзушылықтарды жедел анықтап,шара алу;
- Ұжымдық корпоративтік мәдениет пен этика кодекстерінің нормаларын бұзу мәселелері бойынша мәселені анықтау
- Институтта еңбек кодексін бұзу мәселелері сақталмаған жағдайлар бойынша;
- Профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттердің дәлелсіз оқу-сабақтарына келмеуі жағдайлары орын алғанда;
- Дәлелсіз себептермен қызметкерлердің жұмысқа жүйелі кешігуі туралы;
- Жұмыс немесе оқу орнына мас күйде келу, соның ішінде институт аумағында жұмыс уақытында ішімдік ішу туралы;
- Белгіленбеген орында темекі тартуорын алғанда ;
- Институттың ішкі нормативті құжаттарының талаптарын бұзу фактілері кездескенде;
- Тәртіптік сипаттағы ықпал ету шараларын талап ететін өзге де істер;
- Профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлер тарапынан әдепсіз қылық көрінген жағдайда, сондай-ақ қызметкерлер мен студенттердің өтініштері бойынша Тәртіптік комиссия мәселелерді қарайды және шешім алады. Қабылданған шешім туралы институт басшылығына хабарлайды.