АИГИ – Қазақстандағы жоғары сұранысқа ие жоғары оқу орындары қатарында!

Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі Қазақстанда 2020 жылғы жоғары оқу орындарына сұраныстың ұлттық рейтингін (primeminister.kz. cайтына сүйеніп) жариялады.
Рейтингке қатысу үшін республика бойынша 89 ЖОО өтінім беріп, 1939 білім беру бағдарламасы тіркелген. Агенттік атап өткендей, ұлттық рейтинг нәтижесі төмендегі критерийлер бойынша бағаланды:
-білім беру сапасының халықаралық көрсеткіші ретінде институционалды және бағдарламалық аккредиттеу;
-адами ресурстардың даму деңгейі;
-жоғары білімді интернационалдандыру;
-ғылыми зерттеулердің даму деңгейі;
-жұмыспен қамту және еңбек нарығында түлектерге сұраныс.

2020 жылғы ұлттық рейтингінің ең басты ерекшелігі Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлаудың біліктілік талаптарына сәйкес білім беру бағдарламаларын топтар бойынша саралау болып табылады.
Қазақстандағы ұлттық рейтингке 1939 білім беру бағдарламасымен қатысқан 89 жоғары оқу орындарының арасында АТЫРАУ ИНЖЕНЕРЛІК-ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ 4667-4034 жалпы баллмен 19-шы орын иеленді.
Бұл институт профессор-оқытушылар құрамының елдегі қазіргі таңдағы COVID-19 пандемиясының қиын сәттерінде қашықтан оқыту мен онлайн форматтарын пайдалана отырып, сапалы білім мен тәрбие беру,түлектерінің бәсекеге қабылеттілігін, білім бағдарламаларының тиімділігін арттыру мен олардың еңбек нарығында сұранысқа ие болуына елеулі дәрежеде жұмыстар жүргізгендігінің жемісі екені ақиқат.
Жаңадан мектеп бітіріп, жаңа өмірге қадам басқан жас талапкерлердің алдындағы мақсат – мамандық таңдауда қаталеспеу. Өйткені мамандықты дұрыс таңдау – жарқын болашақтың кепілі. Түлектер жоғары оқу орнын таңдар кезде ең алдымен әр институттың артықшылығы мен кемшіліктерін саралайды. Болашақ мамандар таңдау жасағандағы басты назар аударатындары оқу орнындағы мамандық түрлерінің әралуындығы, ЖОО-ның орналасқан жері, білім ордасының беделі мен оқыту деңгейі, мемлекеттік гранттар мөлшері, оқу ақысының көлемі және басқа да артықшылықтары. Осы ретте Атырау инженерлік-гуманитарлық институтын таңдасаңыздар еш қателеспейтіндіктеріңді ескертеміз! Біздің институт туралы толық ақпаратты aigi.kz сайтынан аласыздар. Барлық мәселені онлайн жағдайында шешеміз,құжаттарды қабылдаймыз!Біздің есігіміз әрқашан ашық!

Атырау инженерлік-гуманитарлық инстиутының Баспасөз қызметі

Leave a Reply