АИГИ оқытушыларының жаңа кітабы

Бүгінде жоғары білім беру ордаларында оқытудың озық инновациялық технологиясымен әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы білім алушыларға жаңаша дәріс беру өмір талабынан туындап отырғандығы мәлім. Осы талаптар ауқымында Атырау инженерлік-гуманитарлықинститутында білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасына сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатыр. Негізгі мақсат – жаһандану заманында білім мен тәрбие берудің, ғылымды дамытудың бүкіләлемдік кеңістігіне ену. Осыған орай, институтымызда білім берудің мазмұны да, оған қойылатын талаптар да жыл санап арта түсуде. Ал бұл жайт, бірінші кезекте профессор-оқытушылар құрамының жаңашылдығы мен ізденісін қажет ететіндігі түсінікті. Осы ретте бірқатар игі істер атқарылып келеді.

Мәселен, таяуда Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының бір топ оқытушыларының – геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Нәсіпқали Сейітовтің,аға оқытушы, магистр Ақтоты Касенованың,аға оқытушы, магистр ЭльмираҚуанбаеваның – “МҰНАЙ-ГАЗ ЖАТЫНДАРЫН ІЗДЕУ-БАРЛАУ ӘДІСТЕРІ” атаулы оқу құралыбаспадан жарық көрді.

АИГИ ғылыми-әдістемелік кеңесі оқу құралы ретінде ұсынған,мұнай-газ саласының студенттері менмандарына, саланың өзге де қызметкерлеріне арналып жазылған жаңа кітап 8 тараудан, бірнеше параграфтардан тұрады. Кітаптамұнай-газ кенорындарын іздеуге және барлауға қатысты мәліметтер мен атқарылуы тиіс іс-шаралар кешені қысқаша баяндалған. Жер қойнауына шоғырланған мұнай мен газды іздеу-барлау жұмыстарының тиімділігін қамтамасыз етуге қажетті сол флюидтердің ерекшеліктерін, оларды кіріктіретінтаужыныстар кешенінің заттық құрамы мен жер қыртысында орналасу жағдайларын анықтауғаайрықша көңіл бөлінген.

Мұнай-газ кенорнын іздеу-барлау жұмыстары барысында жүзеге асырылатын іс-шаралар кешеніашылып көрсетілген. Бұл орайда ұңғымалар бұрғылау, сол ұңғымада жүргізілетінгефизикалык, геологиялық зеттеу әдістері мен тәсілдері де кеңінен сөз болған.

Мұнай-газ жатындарының энергетикалық сипаттары, олардың флюидтерді зерттеудегі жәнеөндірудегі өзіндік рөлі сөз болып, мұнай өндірудің басты-басты әдістері жайлы мағұлматтарберілген. Мұнай-газ қорларының түрлері мен категориялары жайлы ақпараттар беріліп, корлардыесептеудің басты-басты әдістері сипатталған. Сондай-ақ, кітапта мұнай-газ кенорындарыніздеумен, барлаумен және игерумен байланысты туындайтын қоршаған орта мен жер қойнауын қорғауережелері жайлы да қысқаша мағұлматтар берілген.

Қорыта айтқанда, біршама әсем безендіріліп шығарылған 130 беттік кітаптан мұнай-газ кәсіпшілігіне қарасты көптеген мағұлматтар алуға болады.

Жаңа кітап авторларын институт ректораты мен әріптестері атынан шын жүректен құттықтаймыз!

АИГИ Баспасөз қызметі.

Leave a Reply