АИГИ профессорлары жоғары ғылыми марапатқа ие болды

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласынан Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының профессорлары,техника ғылымдарының кандидаттары Мұрат Ликаров пен Батыр Омаровқа қуанышты хабар жетті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы,Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы және «Bilim-orkenieti» Ұлттық иновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстанның құрметті профессоры» атты республикалық байқауында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының ЦИНиИЛ директоры, ұстаз-педагог Мұрат Ликаров жеңімпаз атанып, 1 дәрежелі Дипломмен марапатталды. Сондай-ақ Мұрат Ликарұлына білім және ғылым саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Қазақстанның Құрметті профессоры» төсбелгі медалі мен куәлігі табысталды.

Республикалық байқау қорытындысымен АИГИ-дің тәжірибелі ұстазы,әкімшілік-шаруашылық мәселелер бойынша проректор Батыр Омаров та жеңімпаз атанып, білім және ғылым саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Қазақстанның Құрметті профессоры» төсбелгі медалі мен куәлігі және 1 дәрежелі Дипломға ие болды.
Мұрат Ликарұлы мен Батыр Даниялұлы АИГИ-дегі тәжірибелі ұстаздар, біліктіде іскер инженер-менеджерлер,техника ғылымдары кандидаттары,сөзге шешен азаматтар. Олар Атырау инженерлік –гуманитарлық институтында ұзақ жылдардан бері студенттерге жоғары кәсіби инженерлік білім мен рухани , саналы тәрбие беріп келеді.Қоғамдық-саяси шаралардың да белсенділері.

Марапат иелерін осынау жоғары ғылыми жетістіктерімен институт ректораты мен әріптестері атынан құттықтаймыз!

АИГИ Баспасөз қызметі

Leave a Reply