АИГИ студенті – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНКУРС ЖЕҢІМПАЗЫ

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтына Ресей Федерациясының Казань қаласынан сүйінші хабар келді!

АИГИ –дің экономика факультетінің 4 курс студенті Диана САПИЕВА Ресей Федерациясы Жоғары білім және ғылым министрлігінің ақпараттық қолдауы мен Казань ( Привольжский ) федеральдық университеті ұйымдастырған Халықаралық «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ТЕЗИСТЕР-2020» байқауында «Қазақстан экономикасын дамытуда аймақтарды иновациялық жаһандандыру және әлеуметтік талдаудың актуальды проблемалары» конкурстық материаларының «Үздік ғылыми негіздемесі» номинациясы бойынша үздіктер қатарынан көрініп,2 орын алып дипломмен марапатталды.

Аталмыш байқауға барлығы 79 ғылыми-зерттеу жобасы ,оның ішінде 12 жобалық жұмыс шетелдік студенттерден түскен. Осы 79 жұмыстың ішінен 28 ғылыми жоба іріктеліп алынған. Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының экономика-гуманитарлық факультетінің аға оқытушысы, экономика магистрі Алтынай Төлегенқызы Түгелбаеваның ғылыми жетекшілігімен жұмыс істеген 4 курс студенті Диана Сапиева осы ғылыми жобалық зерттеу жұмысы сол іріктелген 28-дің ішінен үздік деп танылған.

Диана Сапиева биыл АИГИ-дің экономика факультетін бітіргелі отыр. Қазір ол дипломдық жұмысын да дайындап,үздік қорғауы үшін жұмыстануда.

Жалпы АИГИ-де студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына барлық жағдайлар бар.Қазір бірнеше студент ғылыми жобалар бойынша ізденіп,зерттеулер жасап жүр.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты ректораты атынан Халықаралық конкурс жеңімпазы Диана Сапиева мен оның ғылыми жетекшісі Алтынай Төлегенқызын үлкен жеңістерімен құттықтаймыз!

АИГИ Баспасөз қызметі