АИГИ СТУДЕНТТЕРІ HACKATHON (Хакатон) «DIGITAL-ANTIKOR RUL 2020» онлайн сайысына қатысты

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының студенттері елдегі пандемия індетіне орай қашықтан онлайн оқу жағдайында болса да еліміз бен халықаралық деңгейлердегі әртүрлі байқаулар мен сайыстарға қатысып келеді. Соның жарқын мысалы 9 – 12 қазан аралығында Павлодар облысының әкімдігі мен облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, «Ertis – аdaldyq аlańy» жобалық кеңсесі мен Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы университеті бірлесіп өткізген «DIGITAL-ANTIKOR PVL 2020» онлайн-хакатонына Қазақстанның батыс аймағы мен Атырау облысынан қатысқан жалғыз жоғары оқу орны болды.
Атырау,Новосибирск,Нұр-Сұлтан,Павлодар,Экібастұз қалаларынан қатысқан,Web-дизайнер, сарапшылар, инженерлер мен IT-мамандардан құралған 18 команда үш күн ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы сыбайлас жемқорлық оқиғаларының алдын алу бойынша жобаларын әзірледі.
Қатысушылар ПИК мамандарының қызметтері бойынша өтініштерді бір сайтта қалдыруды ұсынды. Тағы бір тобы ТҮКШ бойынша келетін өтініштерге арналған телеграмм-бот пен барлық өтініштерді жинақтайтын сайт жасады. Сонымен қатар, пәтер кезегінде тұрған азаматтарға тіркеліп, өз позициясын тексеріп отыруға мүмкіндік беретін мәліметтер базасын әзірледі.
Alex SG «HCSMonitor» командасы жеңімпаз атанды. Бас жүлде – ноутбук Александр Филатовқа бұйырды. Жүлдені «Заман» ЖШС-нің директоры, университет түлегі Әлібек Нұрғазин тарту етті.
А. Филатов әзірлеген web-платформа тұрғындардың ТҮКШ саласындағы бұзушылықтар туралы өтініштеріне жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Жоба ПИК-тердің рейтингін анықтауға, ал тұрғындарға жұмыстардың орындалуын қадағалауға жол ашады.
Ал Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының командасы есептеу счетшигі бойынша қызықты идея жасап ұсынды,олары жоғары бағаланыпты. Тамаша жетістік болды бұл! Оларға арнайы сертификат дайындалды.Жарайсыңдар АИГИ-лік жігіттер мен қыздар!Осындай халықаралық ірі хакатон сайыстарына қатысуға АИГИ-де дайындық жасала беретін болады.
Қатысушылар ToU CAMP-те өтетін оқытуға қатысуға мүмкіндік алды. Енді олар жобаларын дамытып, салалық мемлекеттік органдардың қолдауымен бағдарламалы өнімді енгізуге мүмкіндік тумақ

АИГИ Баспасөз қызметі.