«Арулар ізгіліктің шамын жаққан…»

АИГИ:»Рухани жаңғыру-2020»

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында көктем шуағын ала келген 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Арулар ізгіліктің шамын жаққан…» атты мерекелік кеш өтіп, ер азаматтар қауымы аруларға тамаша көңіл-күй сыйлады.

Қымбатты ұжымдас ұстаз қыз-келіншектер, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып келген 8 – Наурыз халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Сіздер асыл арулар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегісіздер. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүние тек Сіздермен ғана ажарлы.

Қай жерде, мейлі, қай елде,
Әлемнің мәні – әйелде.
Мықтымын десең ойыңды,
Әйелге барып дәлелде.

Әйелге мәлім көп сырың,
Сүрінсең – әйел деп сүрін.
Халыққа сыйлы болмайсың,
Әйелге болсаң жексұрын.

Әйелсіз қонды бақ қашан,
Әйел деп түстік отқа сан.
Әлемнің тілін таппайсың,
Әйелдің тілін таппасаң!

Болмасын әйел назалы,
Болмасын әйел жазалы.
Кеудесін қаққан талайдың,
Әйелден болған ажалы!

Әйелмен құның өлшенер,
Құдайдан кейін сол – шебер.
Бақытты сен де болмайсың,
Әйелің сорлы болса егер.

Сырыңды соған ашасың,
Шөліңді содан басасың.
Адамның күні – Әйелмен,
Әйелдер мәңгі жасасын!

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында бүгінде 70 қыз-келіншек жұмыс жасайды ,бұл үлкен күш. Барлық атқарылып жатқан игі істер, оқу орнында білім беру мен ғылымды дамытудағы жақсы жетістіктеріміз, осы қыз-келіншек тердің арқаларыңда келуде десек артық болмас.

Өткен жылғы 8 наурыздан бері институт қыз-келіншектері өмірінде жаксы жаңалықтар да көп болды. Жыл ішінде 4 қызымыз – Айгүл, Құндыз, Алтынай, Алма тұрмыс құрса, 5 келіншек –Айгүл, Ақмарал, екі Райгүліміз сәбилі болды. Ал Айгүл Жалеловна әже атанды.

Ғылым саласында үлкен жаңалық-Нұрайна Мелісқызы мен Алма Сайлауқызы Доктор рhd диссертацияларын сәтті қорғады. Ал ғылыми жобаларға қатысып,еңбектері жоғары бағаланған Әсел Құрманғазықызы мен Ляззат Тілеуқызы , Динара Құбашқызы «Қазақстанның Үздік педагогы» құрметті атағына ие болды.

Студенттерді ғылыми-зерттеу жобаларына, республикалық және халықаралық олимпиадаларға дайындауда педагог қыз-келіншектер еңбегі ерен. Атап айтсақ Алтынай Түгелбаеваның 4 студенті,Динара Құбашеваның 4 студенті, Қалима Байжасарованың 4 студенті осындай олимпиадалар мен жобалық байқаулар жеңімпаздары атанды.

Айта берсек әрқайсыларың өмірлеріңде де мерейлі сәттер бар. Алдағы күндеріңіз осындай Сәттіліктер мен Қуаныштарға толы болсын! Мерекелеріңіз құтты ,абыройларың асып,денсаулықтарың мықты болсын!

«Арулар ізгіліктің шамын жаққан…» атты мерекелік кеште институттың ерлері хоры арулар-асыл жандар,аналар туралы әндерден попури орындады. Профессорлар,кафдралар меңгерушілері Нәсіпқали Сейітов,Алмас Садықов,Мұрат Ликаров, Болат Қадыров және басқа жігіттер жүректен шыққан арнау жырларын оқыды, әсем ән мен тәтті күй орындап, би билеп, тамаша мерекелік концерт қойды.

АИГИ Баспасөз қызметі.

Leave a Reply