Құрметті әріптестер, аяулы аналар, арулар!
Сіздерді көктемнің алғашқы шуақты да нұрлы мерекесі 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қоғамымыздың гүлденіп, өсіп-өніп, өркендеуінде сіңірген еңбектеріңіз орасан зор. Әрдайым біздің әлемдегі сұлулықтың, көркемдіктің, тәрбиеліліктің, жылулықтың символы – Сіздерсіздер!
Сіздерге баянды бақыт, бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар тілеймін!
Көктемгі мереке шуағы - жағымды жаңалықтар мен өзгерістердің, қуанышты кездесулер мен оқиғалардың бастауы болып, қызметіңіз жасампаздыққа, отбасыңыз татулық пен ырыс-берекеге толғай!
Еліміздің келешегі әрқашан жарқын, бүгінгісі мен ертеңі бейбіт өмір болсын деп тілеймін!
МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Игі тілекпен: институт ректоры Ихсанов Ерсайын Уалитханұлы.









Community ©