Сабирова Гүлбану Нұрымқызы
Сабирова Гүлбану Нұрымқызы - Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетінің филология факультетін (1999-2003 жж.), әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің магистратурасын (2004-2006 жж.) үздік бітіріп, ҚРБжҒМ Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының аспирантурасында оқыған (2006-2008 жж.). Филология ғылымдарының кандидаты.
2003-2004 жж.Атырау қаласындағы №23 мектеп мұғалімі;
2004-2008 жж. репрессияға ұшыраған қазақ зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының жанындағы «Арыс» баспасының редакторы;
2008-2011 жж. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының кіші ғылыми қызметкері;
2011 ж. Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университеті тарих-филология факультеті қазақ тілі теориясы және оқыту технологиясы кафедрасының аға оқытушысы.
2013 ж. Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университеті баспасөз ортылығының жетекшісі.
2013 ж. қаңтар айынан Атырау инженерлік-гуманитарлық институты Әлеуметтік ізгілендіру және жаратылыстану кафедрасының доценті.



Community ©