Математика және жалпы білім беру пәндері кафедрасы
Кафедраның құрылымы және міндеттері, мақсаты:
Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, заңды сауатты, жауапты, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, әлеуметтік-саяси оңтайлы тез әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті маманды және индустриалды - инновациялық жағдайды шешуге лайық, азаматтар мен еліміздің нағыз патриоттарын дайындау.
Міндеттері:
- Ғылым мен білімді ұштастыру мақсатында кафедраның ғылыми-зерттеу әлеуетін барынша пайдалану;
- Сабақ беру үрдісінде жаңа инновациялық тетіктерді қолдану;
- Халықаралық деңгейде оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбие жұмыстарындағы бәсекеге қабілеттілікті дамыту;
- Қазақ жастарына тән рухани байлық негізінде патриоттық сезімдегі білімді маман дайындауды жетілдіру.
Кафедра қызметінің міндеттері:
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының «Математика және жалпы білім беру пәндері» кафедрасы 2015 жылдың қазан айының 1 жұлдызында ректордың №1/1-08(а) бұйрығымен құрылды.
Кафедра 2010 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтті.
Кафедра өзінің жұмысында «Білім туралы» ҚР-ң Заңын, «Білім туралы» ҚР-ң мемлекеттік бағдарламасын, ҚР-ң «Ғылым туралы» заңын, ҚР-ң 2005-2010 оқу жылдарға арналған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, «ҚР-ң жоғары оқу орындары туралы» ережесін, ҚР-ң мемлекеттік жалпылама міндетті білім стандартын, Атырау инженерлік-гуманитарлың институтының дамуының стратегиялық жоспарын, институттың Ғылыми кеңесінің шешімдерін және басқа да ресми құжаттарды басшылыққа алады.
Кафедра институттағы барлық мамандықтарға сабақтар жүргізеді.









Community ©