Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Айбынды асқақ-Қазақ елі» атты салтанатты шара өткізілді
2013 жылы Желтоқсанның 13-і Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты мереке болып өтті.
16 желтоқсан – Алты алаштың айбынын айғақтаған, ата-бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Өткен ғасырдың 1991 жылғы 16 желтоқсанында Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге, міне, 22 жыл толғалы отыр.
Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтеуі. Мерекелік іс-шараны Атырау инженерлік- гуманитарлық институтының ректоры Ерсайын Уалитханұлы Ихсанов құттықтау сөзімен ашып, «Тәуелсіз Қазақстанға 22 жыл толып отыр. Бұл тарих үшін қас қағым сәт болғанымен, осынау жылдар аралығында ғасырға жүк боларлық салмағы бар сындарлы кезеңді артқа тастадық. Еліміздегі тұрақтылық, экономикалық өрлеу, халықаралық аренада өзімізді жоғарғы деңгейде көрсете білгеніміз – Қазақстанның басты жетістіктері», - деп атап өтті. Сонымен бірге, Атырау инженерлік- гуманитарлық институтының тәрбие, ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, саяси ғылымдарының докторы, профессор Киікбай Мыңбайұлы Жаулин профессор-оқытушылар құрамы мен білімгерлерді Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Ректордың бұйрығы бойынша белсенді білімгерлер мен оқытушыларға алғыс алғыс хат табыс етілді. Облыстық мәслихаттың алғыс хатымен марапаталғандар: Қадыров Б.Т., Шаяхметова Ж.Б. Облыстық «Нұр Отан» партиясының алғыс хатымен Жангереева Г.Ж., Муфтах Н.Б. Институт ректорының алғыс хатымен Салықбаева Ж.Қ., Карышева Г.К.. Қалалық мәслихаттың алғыс хатымен Кеңесова А.К., Нұрмұхашева Г.К., Қалалық «Нұр Отан» партиясының алғыс хатымен Сарсенова Б.Т., Тампиева Р.К. марапатталды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесі құрметіне үздік оқуы және институтының қоғамдық өміріндегі белсенділігі үшін «Құрылыс» мамандығының 2курс Ғұбайдоллин Жандарбек, «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының 2 курс студенті Жұбатов Ақылбек және Нариманова Гулбану «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығының 1 курс студенттері Еламан Серікқалиев Еламан және Бағытов Асылхан, «Информатика» мамандығының 3 курс студенті Жалғабай Асхат, «Қаржы» мамандығының 2 курс студенті Мизамғалиева Зарина, «Экономика» мамандығының 3 курс студенті Әміржанов Бекболат Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының алғыс хатымен марапаталды. Тәуелсіздікке арналған іс-шара белсенді білімгерлердің концерттік бағдарламасы және «АИГИ жастар» командаларының өнер көрсетулерімен аяқталды.









Community ©