Халықаралық студенттер күнімен!

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында 17 қараша күні халықаралық студенттер күніне орай салтанатты шара өтті.

Мақсаты - институт студенттерін мерекемен құттықтау, І курс студенттеріне студенттік билет пен сынақ кітапшаларын тапсырып, салтанатты түрде студенттер қатарына қабылдау.

Шараның салттанатты ашылу сәті институт ректоры Е.У. Ихсановтың құттықтау сөзімен басталды. Ерсайын Уалитханұлы студенттерді мерекесімен құттықтай отырып, білім алуға, ізденуге, қоғамда өз орнын табуға  шақырды.  І курс студентеріне ректор қолынан символдық «білім кілті» табысталды.

Сонымен бірге институттың қоғамдық өміріне үнемі белсене араласып жүрген Дарханбаев Ф., Дюсупова М., Өмірзақова А., Бегалиев Е., Кәрімова Ж., Сағынбаева И., Қалиев Д., Сагиева Ә.,Укоев А., Губайдуллин Ж. секілді студенттер институт ректоры Ерсайын Уалитханұлынан алғыс хатқа ие болып, марапатталған соң, І курс студенттеріне символдық сынақ кітапшасы мен студенттік билет тапсыру рәсімі өткізілді. Салтанантты рәсімнен кейін Инженерлік-техникалық факультет деканы Қасенов Сұлтан Қапасұлы мен Экономикалық-гуманитарлық факультет деканы Утепкалиев Серік Утепқалиұлы да студенттерді мерекемен құттықтап, тілектерін білдірсе, өз кезегінде 4 курс студенттері де 1 курс студенттеріне  жарқын құттықтау сөздерін арнады.

Шара одан әрі концерттік бағдарламаға ұласып, институт студенттері ән айтып, би билеп, күй тартып сахнада өз өнерлерін ортаға салды. Институттың КТК  «АИГИ» құрамасының өнері тамашаланып, салтанатты мерекелік шара Базарбаева Мөлдірдің орындауындағы тамаша әнмен өз мәресіне жетті.