АИГИ «Ректорының кубогы» жүлдесі үшін ұйымдастырылған дәстүрлі шахмат турнирі

16 – сәуір, сенбі күні Ғ. Айдаралиев атындағы Атырау облыстық шахмат федарациясының ұйымдастыруымен институт акт залында Атырау инженерлік-гуманитарлық институты «Ректорының кубогы» жүлдесі үшін ұйымдастырылған дәстүрлі IV Облыстық шахмат турнирі болып өтті.

Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының «Ректорының кубогы» жүлдесі үшін ұйымдастырылған дәстүрлі шахмат турниріне Орал, Қарағанды қалаларының, Атырау облысының Қызылқоға, Құрманғазы аудандарының және жергілікті Атырау қаласының шахматшылары қатысты.

Шахматтық турнир Халықаралық шахмат федерациясы Фиденің кодексі негізінде Швейцар жүйесімен 7 турда ойналды. Жарысқа қатысушылар саны – 48, олардың ішінде ең жас сайыскер 7 жаста болса, ең ардагер шахматшы -77 жаста болды.

Аталған турнирдің бас төрешісі, федерацияның вице-президенті – Сабырбай Гайсин.

Сайыс жоғары деңгейде өтіп, турнир қорытындысы бойынша ойыншыларымыз келесі түрде марапатталды:

Абсолюттік категория бойынша:

І орын – Кенжеев Серік

ІІ орын – Мақсот Айбек

ІІІ орын –  Суракшев  Абылай

Ардагерлер арасында:

І орын –  Сақтағанов Амангелді

ІІ орын – Ағаша Бөкенбай

ІІІ орын – Құмаров Аман

Әйел адамдар арасында:

І орын –  Елеусін Жұлдыз

ІІ орын – Ғабитова Диляра

ІІІ орын – Абуталиева Оңайша

Жасөспірім ұлдар арасында:

І орын – Ғалымжанұлы Ибрагим

ІІ орын – Абдуллаев Аят

ІІІ орын – Қайрош Нұрсипат

Жасөспірім қыздар арасында:

І орын – Салешова Сабина

II орын – Салешова Ақжар

ІІІ орын – Құрманғалиева Фатима

 

Сонымен қатар, турнирде ерекше еленіп, үздік ойын көрсеткен ойыншылар марапатталды, олар:

  1. Хайрошев Нұрбек
  2. Бектасов Әлсейіт
  3. Жұмағалиев Төре
  4. Хусаинов Есей
  5. Рахметов Жексенбек
  6. Ахметқалиев Махамбет