Жыл мұғалімі - 2016 байқауы
2016 жылдың 25 – мамырында Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында «Жыл мұғалімі - 2016» байқауы өтті.
Байқауға Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының және колледжінің оқытушылары қатысты. Байқаудың «Өзін-өзі таныстыру», «Білім берудегі менің инновациям», «Теориялық әдіс алмасу сайысы», «Мен жаңа заман педагогімін» (үштілділік қабілеті), «Шығармашылық жұмыс ізденісі» атты кезеңдерінде сайыскер оқытушылар жан-жақты, ізденімпаз, шығармашыл педагог ретінде өз педагогикалық біліктіліктері мен тәжірибелерін толыққанды көрсете алды.
Байқау соңында әділ-қазылар алқасының төрағасы – институттың Ғылым және халықаралық байланыстар, тәрбие жөніндегі проректоры, с.ғ.д., профессор Жаулин Киікбай Мыңбайұлы байқауға қатысты өз ұсыныстарын білдіріп, сайыс қорытындысын жариялады.
Байқау қорытындысы бойынша «Жыл мұғалімі - 2016» атағын «Экономика және кеден ісі пәндер» кафедрасының магистрі, аға оқытушысы – Түгелбаева Алтынай Төлегенқызы жеңіп алды.



Community ©