«Nauryz: traditions and customs» тақырыбындағы үш тілдік әдістемелік шара
Атырау инженерлік-гуманитарлық институтында 16-наурыз күні «Шетел тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен «Nauryz: traditions and customs» тақырыбындағы үш тілдік әдістемелік шара өтті.
Аталған шараның негізгі мақсаты – қазақ халқының төл мерекесі Наурыз туралы деректер келтіріп, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен киім-кешектерін жастар арасында насихаттау, ұлықтау.
Әдістемелік шараны алғы сөз сөйлеп Экономика-гуманитарлық факультетінің деканы, ф-м.ғ.к., профессор Қабылхамитов Ғ.Т. ашты.
Мерекелік шараның жүру барысында «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1,2,3 курс студенттері көрермендерге тақырыпқа қатысты көркем-әдеби бағдарлама ұсынды.
Іс-шараның аяқталуында әдістемелік шараның қонақтары ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.









Community ©