«Самұрық-Қазына» АҚ мен «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті «Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасына қатысуға шақырады
![]()
2017 жылдың 1 сәуірінен бастап «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті 2017 жылы бакалавриат және магистратура бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнын бітірген түлектерді «Жас Өркен» тағылымдама бағдарламасына қатысуға шақырады.
Жиырма талантты түлек 20 ай бойы «Самұрық -Қазына» АҚ тобының бірнеше қоржындық компаниясында тағылымдамадан өтеді. Сізді қызмет жолын тамаша бастау мүмкіндігі – «Самұрық -Қазына» АҚ корпоративтік университетінде оқу және еліміздің ірі индустриялық кәсіпорындарында жұмыс істеу мүмкіндігі күтіп тұр.
Жас мамандарға арналған бағдарлама сәтті өткен жағдайда, «Самұрық -Қазына» АҚ компаниялар тобында жұміс істеу және ары қарай жетілу жоспары жасалады. Бағдарлама аяқталған соң, дарынды тағылымгерлер Қазақстанның ұлттық компанияларына жұмысқа орналастырылады.
Бағдарлама миссиясы – Қазақстанның дарынды жастарын жетілдіру.
Бағдарлама ұйымдастырушысы — «Самұрық -Қазына» АҚ, Бағдарлама мен байқауға ұйымдастырушылық-қаржылық қолдау көрсетеді.
Бағдарламаның атқарушы органы — «Самұрық -Қазына» корпоративтік университеті», ұйымдастыру шараларының орындалуын және байқаудың өткізілуін қамтамасыз етеді.
Бағдарлама қатысушыларына қойылатын міндетті талаптар:
— Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек
— 2017 жылғы бакалавр немесе магистр түлегі болуы керек
Байқауға қатысу өтініші 2017 жылғы 1 сәуірден 1 шілдеге дейін байқаудың ресми сайтында – www.skcu.kz/zhasorken – онлайн тіркелу арқылы беріледі.
2017 жылғы 1 шілдеден кейін алынған байқау өтініштерін байқау комиссиясы қарастырмайды. Байқау өтінішінің тіркелгені үміткер байқау өтінішінде көрсеткен пошта (электронды) мекенжайына жіберілген, өтініштің тіркелгені туралы хабарлама арқылы расталады.










Community ©