АИГИ-да 31-мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты мынадай іс шаралар өткізілді
| Іс-шара атауы | Өткізілген күні | Жүру барысы |
| Семинар «XX ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық». | 30.05. 2017ж. | Семинарға 15 студент белсенді қатынасып, Атаулы шараның жүру барысында 5 студенттің баяндамасы тыңдалды. Тақырып төңірегінде түйінді мәселелерге тоқталып, студенттер арасында талқыланды. |
| Дөңгелек үстел «1937-1938 жылдары саяси қуғын сүргіннің құрбандары». | 30 05. 2017 ж. | Дөңгелек үстелде ХХ ғасырдың 30-шы жылдары қазақ елінде орын алған саяси қуғын-сүргіннің себептері мен салдары қарастырылды. Шараға студенттер, институттың профессор-оқытушыларын қосқанда жалпы 50 адам қатысты. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты - жазықсыз жапа шеккен ұлт жанашырларын еске алып, жастарды патриоттыққа баулу, айтулы азаматтардың істерін, тарихын таныстырып қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ көшбасшыларын еске алу болып табылды. |
| Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою. | 31.05.2017ж. | Институт студенттері саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Жеңіс» саябағында орналасқан мемориалға шоқтарын қою рәсіміне қатысты. |









"HIGHFLYERS Community" ©